Семей қаласының әкімі Е. Б. Сәлімовтің «Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, Семей қаласының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы» баяндамасының тезистері
Өнеркәсіп
2019 жылы 209 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2018 жылдың деңгейінен 24,3 млрд. теңгеге немесе 13,1 % артық. Облыстық көлемдегі үлесі 9,8 % құрады.
Қаланың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлемінің зор үлес салмағын өңдеуші өнеркәсіп алып отыр - 76,4 %.
Өнеркәсіп өндірісінің өсіміне металлургия саласы үлкен үлес қосты, есепті жылда 5,5 % немесе 1,8 млрд.теңге өсіммен 34,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді (жалпы көлемдегі үлес салмағы - 23,1 %).
Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағында «Семей механикалық зауыты» ЖШС-нің «Асфальт өндірісін ұйымдастыру» жобасы іске асырылды. 30 жұмыс орны құрылды.
Экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі - қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру, инвестиция тарту.
Есепті кезеңде 78,7 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл 2018 жылдың деңгейінен 12,7 % көп, оның ішінде бюджеттік қаражат – 34 млрд. теңге, жеке инвестициялар – 44,7 млрд. теңге.
Ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіптік кешенде өндірілген ауылшаруашылық өнімінің көлемі 7,9 % артқаны байқалады (37,2 млрд. теңгеге қарағанда 34,4 млрд. теңге).
Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқаптарының алаңы есепті кезеңде 1009 га ұлғайды.
Есепті кезеңде тамшылатып суару әдісімен егістік алқаптары 26,8 га ұлғайтылып, нәтижесінде картоп пен көкөніс түсімі 8 % артты.
745 тонна астық, 300 тонна күнбағыс, 54 мың тонна картоп, 30 мың тонна көкөніс, 1096 тонна бақша дақылдары жиналды.
2020 жылы егістік алқапты 7 пайызға (15 мың га-ға дейін) ұлғайту, 500 га суармалы жерді игеру жоспарлануда.
Жыл қорытындысы бойынша ірі қара саны 11,1 %, ұсақ мал саны 1,9 %, жылқы 18,2 % өсті.
2019 жылы өңірдің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 1676,7 млн. теңге субсидия төленді, оның ішінде мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыру және асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау үшін 1504,3 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын дамытуға 172,4 млн. теңге.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 251 төлдейтін ірі қара мал басы және 635 төлдейтін ұсақ мал басы сатып алынды.
«Нұр» шаруа қожалығы 2019 жылы 1000 сиырға арналған бордақылау алаңын іске қосты.
Мал шаруашылығының жем-шөп қорын жақсарту мақсатында «Нұр» шаруа қожалығы 945 га егістікті суландыруға құны 178,9 млн. теңгеге ұзындығы 4,2 км болатын магистральдық желілер мен имараттардың құрылысын аяқтады.
«Жайылымдықтарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шаруашылығы қожалықтарын сумен қамтамасыз ету» бағдарламасы шеңберінде 26,4 млн. теңгеге 5 шаруа қожалығында қолданыстағы құдықтарға күн батареялары орнатылып, 26 шаруа қожалығында құбырлы құдықтар салынды.
Ауыл шаруашылығы өніміне бағаны тұрақтандыру үшін өңірде тұрақты түрде «Северный» СЛО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Есепті кезеңде 401,8 млн. теңге сомасына 55 жәрмеңке өткізілді.
Есепті кезеңде ветеринария саласында 40 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2019 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге қалалық бюджеттен 115,4 млн. теңге жұмсалды.
Шағын және орта бизнес
Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың басты жетістігі – бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың рейтингі бойынша нысаналы индикаторларды орындау болып табылады. Рейтинг қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары арасында 2019 жылы Семей қаласы үшінші орынға ие болды.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21,2 мың бірлікті құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 315 бірлікке артық.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2018 жылғы деңгейге 1,3 % өсіммен 55,9 мың адамды құрады.
103 % өсу қарқынымен 2124 жаңа жұмыс орны құрылды.
Шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін салық түсімдері мен төлемдерінің көлемі 2018 жыл деңгейіне 142,7 % өсу қарқынымен (15,1 млрд. теңге) 2019 жылы 21,6 млрд теңгені құрады.
«Бизнестің жол картасы - 2020», Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек», «Ақниет» бағдарламалары аясында 3,4 млрд. теңге сомасына 166 жоба іске асырылып, 150 жұмыс орны құрылды.
Сауда
Есепті кезеңде бөлшек сауда айналымының көлемі 236,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 100,4 %.
Инфляциялық үдерістерді тежеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына оның негізсіз көтерілу деректері бойынша жедел ден қою шараларын қабылдай отырып, күнделікті мониторинг жүргізіліп, 10 %-дан аспайтын сауда үстемеақысын қолдану туралы сауда объектілерімен меморандумдар (280) жасалған.
Бюджет
Жыл қорытындысы бойынша бюджетке 22,3 млрд. теңге меншікті кірістер түсті. Өткен жылға қарағанда өсу қарқыны 116,9 % қамтамасыз етілді.
Жоғарыда тұрған бюджеттерден 44,6 млрд. теңгеге трансферттер мен қарыздар түсті.
2019 жылы бюджеттің жалпы көлемі 66,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 48 % артық.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға 34,7 млрд. теңге, дамытуға 31,7 млрд. теңге бағытталды.
Құрылыс
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының аясында 2019 жылы Комсомольский кентінде ұзындығы 32,6 км болатын кварталішілік желілер салынды.
Ағымдағы жылда Комсомольский және Ұшақтар кенттерінде электр және сумен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
«Нұрлы жол», «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламалары бойынша «Затон» су тоғанын, Ертіс өзені арқылы өтетін кәріз дюкерін, Степной кентінің су құбырын реконстуркциялау, Ақсай кентінде және Мұқыр ауылында сумен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстар жалғастырылады. Бұл мақсаттарға 2020 жылы 2016,6 млн. теңге қарастырылған.
Коммуналдық шаруашылықтың жылу желілерін жаңғырту ЕҚДБ-мен ынтымақтастық аясында жоспарланып отыр.
Көше жарықтандыру жүйесін жаңғырту мақсатында, 2020 жылдан бастап екі жыл ішінде ескірген шамдар 1,8 млрд. теңге сомасында қазіргі заманғы энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылады.
Ауыз судың сапасын және коммуналдық қызмет көрсету жағдайларын жақсарту үшін жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жүргізілді.
ЕҚДБ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 3,2 км су құбыры желілері (Котельный тұйық көшесі, Западный кентінің Пристанская көшесі, Фрунзе көшесі бойынша 3 объектіде жұмыстар аяқталды) реконструкцияланып, жалпы сомасы 540 млн. теңгеге сорғы жабдығы мен арнайы техника сатып алынды. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру шамамен 26 км жылу, 12 км су құбыры, 5 км-ден астам кәріз желілерін, 7 296 көше шамдарын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Орталық жылу жүйесінде сақталған қазандықтар мен жылу электр станцияларының қазіргі қуаттылықтарын модернизациялау және Семей қаласындағы жылу желілерін қайта құру жұмыстары аяқталды. ЖЭС-1-ді кеңейту және қайта жаңарту жұмыстары жүзеге асырылғаннан бері 25,4 млрд. теңге жұмсалды.
Семей қаласында орталық жылумен жабдықтау схемасында сақталған қолданыстағы қазандықтар мен ЖЭО қуаттылығын жаңғырту, жылу желілерін реконструкциялау аяқталды.
ЖЭО-1 кеңейту мен реконструкциялауға іске асырылған сәттен бастап 25,4 млрд. теңге жұмсалды.
2019 жылы АҚ-3 қазандығын және 66 квартал ОЖП реконструкциялау бойынша жобаның 2-ші кезегін іске асыру Ұшақтар ықшамауданына жылумен жабдықтаудың тарату желілерін салумен басталды.
Тұрғын үй құрылысын дамыту
2019 жылдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 118,8 мың ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінде тұрғындармен 50,8 мың ш. м-ден астам (ЖТҚ) салынды.
Жалпы алаңы 63 мың ш. м. 12 көппәтерлі тұрғын үйлер (625 пәтер) пайдалануға берілді, соның ішінде 2 жалдамалы үй, 3 кредиттік, 7 коммерциялық үй.
Көпқабатты тұрғын үй құрылысы үшін негізгі тұрғын ауданы болып «Қарағайлы» ықшамауданы айқындалып, ол магистральдық сумен жабдықтау, су бұру, телекоммуникациялар және жылумен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілді.
2020 жылы жалпы алаңы 130,2 мың ш. м. 21 көпқабатты тұрғын үйлерді, оның ішінде:
- жалпы алаңы 20,8 мың ш. м. 4 жалдамалы тұрғын үйді (288 пәтер);
- 82,7 мың ш. м. 12 кредиттік үйді (1053 пәтер);
- 26,7 мың ш. м. 5 коммерциялық үйді (192 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда.
Ағымдағы жылы 82 тұрғын үй құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 330,6 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылған.
Абаттандыру
2018 жылы қала көшелерін абаттандыру мен көгалдандыруға 1,5 млрд. теңге жұмсалды, бұл 2018 жылға қарағанда 1,2 есе артық (1,2 млн. теңге).
«Менің аулам» жобасын іске асыру аясында 89,7 млн.теңге сомасына 7 тұрғын үйдің (Глинка көшесі, 29, 31а, 31б, 33, 33а, 35, 37) аумақтары мен кварталішілік өтпе жолдары абаттандырылды.
Ағымдағы жылы Мәңгілік ел көшесіндегі Орталық саябақты абаттандыру аяқталады.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында облыстардың қосқан үлесі есебінен де абаттандыру жұмыстары жалғасады. (Орталық алаңды, Абай Құнанбаев, М. Әуезов атындағы алаңды, Мирный кентіндегі өзен жағалауын, М.Әуезов даңғылындағы «Абай жолы» жаяу жүргіншілер аймағын, балаларға арналған, спорт алаңдарын орнатумен қоса 50 ауланы абаттандыру, Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірді жарықтандыру жұмыстары жоспарланған).
Көлік-жол инфрақұрылымы
Есепті кезеңде қала жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1,1 млрд. теңге жұмсалды.
Атқарылған жұмыстар:
- ұзындығы 14,5 км қаланың 9 көшесін: Найманбаев,
Қаржаубайұлы, Бозтаев (сол жағалаудың айналма жол айырығынан Селевин көшесіне дейін), кірер жолдарын қосқанда оң жағалаудың айналма жол айырығын, Параллельная, Дәстенов, Глинка көшелерін орташа жөндеу бойынша;
- Мичурин көшесіндегі өтпе жолдар мен тротуарларды күрделі жөндеу бойынша;
- 32,8 мың ш. м. ағымдағы жөндеу бойынша.
2020 жылы жолдарды жөндеуге 1,4 млрд. теңге жұмсау жоспарлануда. Бұның өзі қашықтығы қаланың 7 көшесін орташа жөндеуге және 34,3 мыңнан астам ш. м. ағымдағы жөндеуге мүмкіндік береді.
Жангильдин көшесінен бастап республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» жолына дейін автомобиль жолын реконструкциялауды бастау жоспарлануда, бұл мақсатқа облыстық бюджет есебінен 200 млн. теңге бөлінді.
Жолаушыларды тасымалдау бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында, 2019 жылы жаңа маршруттық желі бойынша олардың одан әрі жұмыс істеуі үшін «БРК Лизинг» АҚ арқылы отандық 170 жаңа автобус сатып алынды.
Қаланың барлық маршруттарында электрондық билеттеу жүйесі енгізілді, көлік карталарын оқу үшін стационарлық валидаторлар орнатылды.
2020 жылғы 20 қаңтардан бастап қалалық маршруттарда 140 теңге мөлшерінде сараланған тариф енгізілді.
Білім беру
2019 жылы білім беру саласын дамытуға қаржыландыру көлемі 2018 жыл деңгейіне қарағанда 26,8 % (13,8 млрд. теңге) өсіммен 17,5 млрд. теңгені құрады.
Жыл сайын орта есеппен 1 мың оқушыға артуын ескерсек, контингент 49 774 баланы құрайды.
40 білім беретін мекемеде күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге 615,6 млн. теңге жұмсалды, бұл 2018 жылға қарағанда 24,8 % артық, материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 175,4 млн. теңге.
2019 жылы оқулықтарды сатып алуға 756,4 млн. теңге бағытталды немесе 2018 жылға қарағанда 17,3 % артық. Оқулықтармен қамтамасыз етілуі 100 % құрайды.
Жыл бойы облыстық, республикалық және халықаралық зияткерлік конкурстарға 29 мың оқушы қатысты, оның ішінде 14 мыңнан астамы жүлдегер болды.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100 % құрайды.
Есепті жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 3 объектіге (739 орын) артты, оның ішінде МЖӘ аясында «Ұшақтар» кентінде 280 орынға арналған және 2 жекеменшік («Эрудит» - 145 және «Радуга» 314 орын) балабақша пайдалануға берілді.
2020 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 1,9 млрд. теңге көзделген, бұл 2019 жылдан 18,5 % артық.
5 балабақша сенімгерлік басқаруға берілді. Бобровка кентінде 320 орынға арналған, Восход кентінде 230 орынға арналған 2 балабақшаның құрылысы жоспарлануда.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында ана өлімі көрсеткіші 51,5 %, туберкулезге шалдығу 10 %, туберкулез салдарынан өлім-жітім 8 % төмендегені байқалады.
Мемлекеттік тапсырысты орындайтын қаланың барлық медициналық ұйымдарында «Денсаулық сақтауды цифрландыру» кешенді медициналық ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі компьютерлік техникамен және интернет байланысымен (100 %) 100 % қамтамасыз етіле отырып енгізілген.
DamuMed ұялы қосымшада 81,2 мың пайдаланушылардың жеке кабинеті тіркелген. Пациенттің жеке кабинеті арқылы қабылдауға 42 000 мыңнан астам жазба жасалды және 22 000 үйге шақыру. Ұялы қосымша арқылы скринингтен, дәрігерге дейінгі және қарау кабинетінен өту қажеттігі туралы 2 560 push-хабарлама жіберілді.
Үш деңгейлі оқыту бойынша 200 маман тағылымдамадан өтті, оның ішінде Англия, Германия, Жапонияда шетелдік тағылымдамадан 34 медициналық қызметкер өтті. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 2019 жылы 341 млн. теңге жұмсалды.
Жедел медициналық жәрдем ауруханасы үшін 212,8 млрд. теңге сомасында қазіргі заманғы медициналық жабдық алынды.
Алғаш рет иық буынын эндопротездеу және ірі буындар артроскопиясы бойынша оталар жасалды.
2018 жылы гибридтік ота жасау бөлмесін ашудың бірегей жобасын іске асыру басталды, бұл нейро және кардиохирургия саласында инновациялық емдеу әдістерімен емделушілерге кешенді жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді, жылына 3 мыңнан астам ота жасау жоспарланып отыр.
Заманауи инновациялық жабдық онколог-хирургтарға пластикамен өңештің гибридті резекциясы отасын жүргізуге, брахитерапия әдісін - қатерлі ісіктерді емдеуде сау тіндер мен мүшелерге әсер етпей, нысаналы, нақты сәулелік емдеуді енгізуге мүмкіндік берді.
«Зерде» дәрігерлік амбулаториясы, «KARAGAILY» шипажайы» Семей медициналық-әлеуметтік мекемесі ашылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету мәселесі бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы 3 бағытта іске асырылуда:
Бірінші бағыт бойынша (Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту) қалада 975 адам кәсіптік оқу курстарынан өтті, 485 адам кәсіптік техникалық білім алу үшін оқытылуда.
Екінші бағыт бойынша (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) есепті кезеңде 589,5 млн. теңге сомасында 85 шағын кредит берілді.
Үшінші бағыт бойынша (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы) тұрақты жұмыс орындарына 3908 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 300 адам жұмысқа тұрды, жастар тәжірибесіне 524 оқу орнын бітірушілер, қоғамдық жұмыстарға 596 адам жолданды.
Белгіленген еңбек нарығында жұмыссыздар саны 1181-ден 804 адамға дейін азайды.
Атаулы әлеуметтік көмек 2 325,3 млн. теңге сомасында 20 339 аз қамтылған азаматтарға көрсетілді, 45,3 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі 1675 алушыларға төленді. АӘК-тің орташа мөлшері 3 есе артты (3 733-тен 11 134-ке дейін).
Қалада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Әрбір отбасыға тұрғын үйді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» атты алғашқы әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2019 жылы 625 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, олардың арасында балалар үйінің 27 түлегі және 97 көпбалалы отбасы үй кілтін алды.
Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаға 1 миллион теңгеден тұрғын үй сертификаттарын ұсыну жолымен қолдау көрсетілді. Ол үшін облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп игерілді.
Мәдениет
Мәдениет саласында есепті жылы 2970-тен астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына, Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығуының 30 жылдығына, Халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына, Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына, белгілі абайтанушы, жазушы Төкен Ибрагимовтің 80 жылдығына, «Қайнар» халық театрының 50 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар кешені өткізілді.
Қалалық Мәдениет сарайы, Достық үйі ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүргізілді, қалалық пен Қайнар ауылының орталықтандырылған кітапхана жүйесі және Мұқыр ауылының кітапханасының негізгі кітап қорлары толықтырылды.
2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын өткізуге «Ақ Ертіс» опера өнерінің танымал шеберлерінің қатысуымен классикалық музыка орындаушыларының халықаралық конкурсын, абайтанушы ғалымдардың, түркітанушылардың, философтардың, тарихшылардың қатысуымен «Абай мұрасы жөне мәдениеттер диалогы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу, Тұрағұл Құнанбаевтың «Абайдың әкесі жайлы» естелік кітабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығару және т.б. жоспарланған.
Дене шынықтыру және спорт
Қалада спорттың 65 түрі тараған, оның ішінде 25 олимпиадалық түрі. Футбол, волейбол, грек – рим күресі, дзюдо, еркін күрес, шайбалы хоккей және тағы басқа спорт түрлері белсенді дамып келеді.
Қалада жыл сайын спорттық ғимараттар саны артып келеді, 2018 жылғы 386 бірлікпен салыстырғанда 2019 жылы олардың саны 391 объектіні құрады.
2019 жылы 5 бассейні, фитнес-орталығы, спа-салоны, конференц-залы, кинозалы, балалар ойын-сауық студиясы бар, халықаралық стандартқа сай салынған, 5500 орынға арналған «Арена» бірегей мәдени-спорт кешені пайдалануға берілді.
№ 22 мектеп-лицейінің аумағында жасанды көгалы бар футбол алаңы, балалар алаңы және резеңке үгіндісі бар workout тренажерлері бар, 1280 ш. м. аумақты алып жатқан әмбебап спорт алаңы ашылды.
«Менің аулам» бағдарламасы аясында 9 аулада «WORKOUT» спорт алаңдары орнатылды, 2020 жылы тағы да 10 спорт алаңын орналастыру жоспарланған.
2019 жылы біздің 65-тен астам жерлестеріміз Әлем, Азия Чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды. Елдің 110-нан астам құрама мүшелері дайындалды.
Құқықтық тәртіп және қоғамдық-саяси ахуал
Криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қылмысқа қарсы күресті күшейту, заңдылық пен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау бойынша белсенді шаралар қабылдануда.
Есепті жылы 2018 жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстардың жалпы саны 22,5 % (6219-дан 4819-ға дейін), қоғамдық орындарда жасалған – 22,3 % (2225-тен 1728-ге дейін), көшеде жасалған- 18,6 % (1000-нан 814-ке дейін), кәмелетке толмағандар жасаған - 8,6 % (35-тен 32-ге дейін), бұрын жасағандар саны – 13,9 % (1708-ден 1471-ге дейін) төмендегені байқалады.
Жол-көлік оқиғаларының саны 6 жағдайға (270 - тен 264-ке дейін), ЖКО кезінде қаза болғандар саны-5 жағдайға (29-дан 24-ке дейін) азайған.
10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылық деңгейі 178,6-дан 138,1 оқиғаға дейін азайған.
Жалпы қылмыстың ашылуы 42,3-тен 46,8 %-ға, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 64,3%-дан 78,7 %-ға артқан.