Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол

Рухани келісім күні - Қазақстандағы ерекше маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қоғамдағы бейбітшілікті, тыныштықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты нығайтуға бағытталған. Әртүрлі діни ұстанымдар мен этникалық топтар арасындағы өзара түсіністік, төзімділік (толеранттылық) және ынтымақтастықты сақтау. Сонымен қатар Қазақстандағы көпконфессиялы және көпұлтты қоғамның бірлігін көрсетіп, елдегі тұрақтылық пен келісімді дәріптейді. Осы орайда «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің кітапхана-бөлімшелерінде әртүлі форматта іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «Рухани келісім  - бейбітшілікке бастар жол» атты ақпараттық шолу өткізді.

Кітапхана қызметкері қатысушылардың назарын қоғамның тұрақты және үйлесімді дамуының негізгі шарттары ретінде бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің маңыздылығына аударды. Адамдар арасындағы достық қарым-қатынасты сақтау көп жағдайда әрбір адамның жеке ұстанымына, басқаларға деген құрмет, түсіністік пен төзімділік танытуға дайын екендігіне байланысты екендігі атап өтілді.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға елде өзара сыйластық, азаматтық бірлік және әртүрлі этностар мен мәдениеттер өкілдерінің конструктивті өзара іс-қимыл атмосферасын қолдауға бағытталып жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қысқаша ақпарат берілді.

Іс-шара жалғасында оқушылар «Қоғамда келісімді қалай сақтай аламыз?», «Бізді неліктен өзара сыйлау қажет?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, өзекті мәселелерді талқылауға қатысты. Пікірталас барысында қатысушылар өз ұстанымдарын білдіріп, өзара түсіністіктің маңызын түсініп және бейбітшілік пен келісім әрбір адамның күнделікті іс-әрекеті арқылы қалыптасады деген қорытындыға келді.

Ақпараттық шолуды кітапхана қызметкері «Рухани келісім  - бейбітшілікке бастар жол» атты тақырыптық сөреге қойылған «Қазақстан: бірлік және келісім мекені»,  «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалық энциклопедиясы», О.Дымовтың «Тепло казахстанской земли», Т.В. Барабановтың «Қазақстан. Өзбек халқының мемлекет тарихындағы ролі» атты кітаптарға  шолу жасай отырып қортындылады.

«Татулық тамыры - рухани келісім» атты дөңгелек үстел Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде өткізілді.

Іс-шара басында қатысушылар адамдардың бейбіт қатар өмір сүруінің негізі ретінде өзара құрмет, төзімділік пен қолдаудың маңызын талқылап, әртүрлі діндердің өкілдерін біріктіретін - мейірімділік, құрмет, қайырымдылық және бейбітшілікке ұмтылу сынды жалпы адамгершілік құндылықтарды анықтады. Сондай-ақ оқушылар «рухани келісім» және «толеранттылық» ұғымдары туралы өз ойларын ортаға салып, айналасындағыларға құрметпен қараудың мәнін талқылады.

Шара жалғасында қатысушыларға «Шеге туралы астарлы әңгіме» ұсынылды. Әңгімеде келісімнің мейірімділік пен құрметке негізделетіні түсіндірілді. Қақтығыс мәселелерді шешпейтіні, ал өзара түсіністік, диалог пен мейірімділік - татулық пен өркендеудің жолы екендігі айтылды. Сондықтан туындаған келіспеушіліктерді сабырмен, өзара сыйластық пен түсіністік арқылы шешу маңызды деген тұжырымға келді.

Дөңгелек үстел қорытындысында «Ашуды қалай жеңуге болады» және «Эмоцияны басқаруды қалай үйренуге болады» атты жадынамалар таратылды.

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Рухани келісім – халық татулығы» атты дәріс өткізілді.

Дәріс басында кітапхана қызметкері «рухани келісім», «ынтымақтастық», «достық», «бірлік» және «толерант» ұғымдарының мазмұнын ашып түсіндірді.

Әрі қарай қатысушылар Рухани келісім күнінің тарихы мен мәніне арналған «18 қазан - Рухани келісім күні» атты слайд-тұсаукесер көріп, бірлік, келісім және достық туралы викторинада қазақ мақал-мәтелдерінің жалғасын тапты. Сондай-ақ қоғам өміріндегі бейбітшіліктің, өзара түсіністік пен келісімнің рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Қазақстан рухани келісім орталығы» атты слайд-шоу, №12 кітапхана-бөлімшесінде «Ынтымақ-рухани келісім кепілі» атты диалог алаңы, Қалалық орталық кітапханада «Ынтымақ пен келісім – мәңгілік ел мұраты» атты әдеби-рухани кеш, Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың жолы» атты ақпарат хабаршысы,  Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Бейбітшілік пен келісім» атты рухани сабақ және №2 кітапхана-бөлімшесінде «Рухани келісім – тұрақтылық іргетасы» атты рухани сағат өткізілді.

Аталған іс-шаралар барысында оқырмандарға рухани келісімнің қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтудағы маңызы түсіндіріліп, бейбітшілік, өзара құрмет, толеранттылық пен татулық құндылықтары дәріптелді. Іс-шаралар қатысушылардың рухани-адамгершілік түсінігін кеңейтіп, қоғамдағы келісім мен ынтымақтастықтың маңызын ұғындыруға бағытталды.

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
16 октября 2026
Дата обновления
16 октября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мәңгілік жаса, менің Қазақстаным!
Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы