Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Қарттардың сөзі – ақылдың көзі

1 қазан – әлем жұртшылығы атап өтетін Халықаралық қарттар күні. Аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың қоғам алдындағы еңбегін ұлықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – өмірдің маңызды сабақтарын үйреткен, тәжірибесі мен даналығын бөліскен ардақты жандарға шексіз алғыс айтудың тамаша мүмкіндігі. Қарттарды ардақтау, оларға қамқорлық жасау – әрбір саналы ұрпақтың адамгершілік парызы. Осы орайда «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің кітапхана-бөлімшелерінде жас ұрпаққа аға буын өкілдеріне деген құрметті арттыруға, үлкенді сыйлауға, ізет көрсетуге тәрбиелеу және қарттардың қоғамдағы рөлін ұлықтау мақсатында әр түрлі форматта іс-шаралар өткізілді.

Атап айтсақ Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қазыналы қарттарды қадірлей білсек...» атты танымдық кеш өтті.

 Іс-шараға аға буын өкілдері Таңирберген Баймағанбетов, Сара Исмағұлова, Шакержан Кұмарович Акчебаев және Кенжеш Жүнісқызы Жұмақанова мен Медицина университетінің студенттері және №1 Балалар музыка мектебінің оқушылары қатысты.

Танымдық кеш басында кітапхана қызметкері ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын айтып, аға буынның өмірлік тәжірибесі, даналығы мен құндылықтары жастар үшін маңызды үлгі екенін жеткізді. Қазақ халқының өткені мен бүгінін және болашақты байланыстыратын отбасы мен қоғамның рухани тірегі ретінде қабылданатын үлкендерге деген дәстүрлі құрметіне ерекше назар аударды.

Әрі қарай «Қазыналы қарттарды қадірлей білсек...» атты слайд ұсынылып, егде жастағы адамдарға деген құрмет пен махаббатқа арналған «Қарттарым – асыл қазынам» видеоролигі көрсетілді.

Сонымен қатар студенттер мен оқушылар шара қонақтарымен пікір алмасып, аға буын өкілдеріне «Қарттар күні сіз үшін нені білдіреді?», «Өміріңіздегі ең есте қаларлық сәт қандай?», «Қазіргі жастарға қандай кеңес берер едіңіз?» сынды ойларындағы сұрақтарын қойды. Қонақтар өз естеліктерімен, өмірлік тәжірибелерімен және ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ «Колесо Фортуна» ойынында жеңіл, көңілді әрі естелікке толы сұрақтар жасырылып қойылды.

Іс-шараның жалғасында баян аспабында Алемжан Канапиянов «Крыжачек», «Қазақтың дастарханы», Домбыра аспабында Амангелді Ертілек «Жалғыз аққу», Эльмира Букашеваның орындауында «Ана туралы», «Қос бәйтерек әндері шырқалып, Рыскен Кожакова «Балбырауын» күйін орындаса, кеш қонақтары өз өнерлерін көрсетті.

Шара соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, студенттер арнайы құттықтаулар әзірлеп, аға буын өкілдеріне алғыс пен ризашылықтарын білдірді.

№12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Семей қаласының «№3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-нің қызмет алушыларының қатысуымен «Қарттардың сөзі – ақылдың көзі» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Іс-шара барысында «Кім жылдам?», «Балалық шаққа саяхат», «Ойлан тап» атты ойындар мен танымдық сайыстар өткізілді. «Балалық шаққа саяхат» ойынында қатысушылар жастық шақтарындағы қызықты сәттерді еске түсіріп, жеке естеліктерімен бөлісті.

Кештің музыкалық-шығармашылық бөлімінде Қазыбек Медина тамылжыта би билеп, Ансар Ержанов домбырада құйқылжыта күй шертті. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері «Жолыққан қандай жақсы» әнін шырқап қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесінде «Қарттар - біздің қазынамыз» атты мерекелік  кеш өткізілді.

Кеш барысында шара қонақтарының құрметіне Дюсембеков Әмір «Көк өрік», «Ауылым» және «Атам менің» әнін орындаса, Назерке Оралғазықызы мен Рысбике Боранбайқызы «Ана», «Әке» және «Қарттарым аман болсын» әндерін шырқады.

Іс-шара жалғасында қатысушыларға мерекелік дастархан жайылып, естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар  «Аяулы, жақын жандар - аталар мен әжелер» атты кездесу кешін №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «Алтын жас» клубы аясында өткізді.

Іс-шараға «Алтын жас» клубы мүшелері мен «Радуга» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты.

Кеш барысында «Алтын жас» клубының қатысушылары әндер шырқап, естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар «Радуга» балабақшасының бүлдіршіндері де өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, өлеңдер оқып, әжеге арналған әндер орындады.

Шара жалғасында қатысушыларға заманауи әжелер мен аталар туралы тақырыптық бейнематериал ұсынылып, «Как молоды мы были» атты әзіл-сықақ монологы көрсетілді.

Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Қарттар - өмірдің шамшырағы» атты мейірімділік сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары Гүлнар Қайсарқызы Абаева, Наталья Карповна, Галина Петровна Баисова және басқа да қатысушылар өз құттықтауларын жолдап, «Ана туралы», «Қайдасың», «Бір шәугім шай» сынды әндерді шырқады.

Шара қорытындысында жыл бойында кітапхананың іс-шараларына белсене араласып ат салысқан кітапхана оқырмандары марапатталды.

Сонымен қатар Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Мейірімділік және құрмет күні» атты мерекелік дастарханы, Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Ақ жаулықты аналар, ақ сақалды аталар» атты әңгіме, №2 кітапхана-бөлімшесіңде «Қарттарға құрмет - ұрпаққа міндет» атты кездесу кеші, Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Қариясы бардың – қазынасы бар» атты  кездесу кеші өткізілді.

Іс-шара барысында айтылған әсерлі естеліктер, әсем әндер мен жүрекжарды тілектер үлкен мен кішінің арасындағы алтын көпірді тағы бір мәрте нығайта түсті.

Өмірлік тәжірибесі мен даналығын кейінгі жастарға үлгі еткен аға буын өкілдерінің орны әрқашан төрімізде.

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
01 октября 2026
Дата обновления
01 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы