Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Еңбек адамы - елдің байлығы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы - елдің байлығы» атты дөңгелек үстел өтті.    

Іс-шараға «Ахау Семей» ансамбілінің өнерпаздары Шәкержан Құмарұлы Ақшабаев пен Кенже Жүнісқызы Жұмаханова қатысты.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері жұмысшы мамандықтардың қоғам өміріндегі маңызы мен елдің дамуына қосатын үлесі туралы айтты. Сонымен қатар қатысушылармен құрылысшы, дәнекерлеуші, тігінші, аспаз, наубайшы, жүргізуші, электрик, механик, тазалықшы, аула сыпырушы және басқа да мамандықтардың ерекшеліктерін талқылады.

Ерекше назар әрбір мамандықтың өз орны бар екеніне, жауапкершілікті, кәсіби білімді және жұмысты сапалы атқаруды талап ететініне аударылды. Оқушыларға қоғамға әр түрлі сала мамандары қажет екені, ал әр адамның еңбек нәтижесі оның дұрыс жұмыс істеуі үшін маңызды екені түсіндірілді.

Дөңгелек үстел барысында еңбекқор адамға қажетті жауапкершілік, ұқыптылық, шыдамдылық, еңбекқорлық, адалдық және кәсіби шеберлік сынды қасиеттер анықталды. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, үнемі үйреніп, дамып жүретін маманның қоғам дамуына үлкен үлес қоса алатыны атап өтілді. Сонымен қатар оқушылар болашақ мамандық таңдау туралы ойларымен бөлісіп, өздеріне ұнайтын салалар туралы айтты.

Сондай-ақ оқушыларға мамандық таңдаған кезде өз қызығушылықтарын, қабілеттерін және бейімділігін ескеріп болашақ жұмысының сапасы үшін жауапкершілікті түсіну қажет екендігі ескертілді.

Шара соңында «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық нақылының мәні мен адал еңбектің, табандылықтың және кәсіби тұрғыдан өсуге ұмтылудың маңыздылығы талқыланды.

 

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
29 сентября 2026
Дата обновления
29 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы