Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Тілім менің – ғасырлардан аманат

«Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапханада Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тілдер шеруі» айлығы аясында «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты интелллектуалды сайыс өткізілді.

Интелллектуалды сайыс Семейдің жалпы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орындарының өзге ұлт студенттері арасында өтті.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері тіл қарым-қатынастың, рухани бірліктің және халықтың мәдени мұрасын сақтаудың маңызды құралы екенін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде қазақ тілінің ерекше рөлін, сондай-ақ көпұлтты еліміздегі барлық тілдер мен мәдениеттерге құрметпен қараудың маңыздылығын баса айтты. Сонымен қатар интелллектуалды сайыс Қазақстан Республикасында 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясатын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы, сондай-ақ Үштілділік тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілетінін атап өтті.

Шараның жалғасында қатысушылар арасында үш кезеңнен тұратын интелллектуалды сайыс ұйымдастырылды.

Сайыстың бірінші кезеңі «Үй тапсырмасы» деп аталды. Бұл кезеңде әр қатысушылар  өздері таңдаған: бейнеролик, қойылым, өнер көрсету, өлең оқу, монолог оқу арқылы өздерін креативті түрде қазақ тілінде таныстырды.

Келесі «Сөздің көркі - мақал» атты екінші кезеңінде әр қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ішіндегі мақал-мәтелдердің жалғасын жалғастырып немесе тақырыпқа сай 1-2 мақал-мәтел айтты.

Үшінші жалғасын тап кезеңінде әр қатысушыға Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен екі-үш жол үзінді оқылып, ал қатысушылар оқылған өлеңді жалғастырды.

Сайыс барысында қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейлерін, білімдерін, тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Интелллектуалды сайыс қорытындысында жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
29 сентября 2026
Дата обновления
29 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы