
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Орталық саябақта қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабы бойынша «Тұлға және тағдыр» атты Weekend.Book.Vibes өткізді.
Іс-шара басында кітапхана қызметкері ұлттық әдебиетті қолдауға және оқырманның қызығушылығын кеңейтуге бағытталған «Бір ел - бір кітап» акциясының тарихы мен маңызы туралы ақпарат беріп, Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерімен, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесімен таныстырды.
Әрі қарай қазақ халқының басынан өткен тарихи сынақтарын, екі империяның арасында қалған туған өлкенің тағдырын, қоғамдық қайшылықтар мен тайпааралық қақтығыстарды бейнелейтін «Тағдыр» романына тоқталды. Романдағы басты кейіпкер Демежанның бейнесі, оның жеке тағдыры мен ішкі толғаныстары туралы айтылды.
Шара жалғасында қатысушылар кітаптан үзінділер оқып, романда суреттелген тарихи оқиғаларды, оның негізгі идеяларын, мазмұны мен кейіпкерлер бейнелерін талқылап, өз ойларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара қорытындысында кітапхана қорынан Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары қойылған «Бір ел - бір кітап» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Қалалық орталық кітапхана