Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Семей өлкетанушылары әңгімелейді

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері «Сүйікті қаламмен біргемін» жобасы аясында Семей қаласы күніне арналған «Семей өлкетанушылары әңгімелейді...» атты өлкетану күнін өткізді.

Іс-шараға журналист, өлкетанушы, «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшесі Альбина Халел, тарихшы, Шәкәрім университеті Шәкәрім ғылыми музейінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы мәдениет және өнер саласының үздігі, Алаш қайраткері Мұхаметжан Тынышбаев медалінің иегері Гүлнұр Шалатайқызы Төртенова, сондай-ақ, «Авиценна» жоғары медициналық колледжі студенттері мен кітапхана оқырмандары, кітапхана мамандары қатысты.

Кітапханашы-библиограф «Өлкетану - ғылым мен тәжірибенің бірлігі екенін, ал, өлкетанушы болу үшін өз өлкеңе, жеріңе деген зор сүйіспеншілік болу керек» - деп шараның маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара жалғасында өлкетанушы Г. Ш. Төртенова ғалым-зерттеуші, саяси жер аударылған Евгений Петрович Михаэлистің туғанына 185 жыл толуына орай «Евгений Петрович Михаэлистің өлкетанулық мұрасы» тақырыбында баяндама жасап, Е.П.Михаэлистің Семейдің қоғамдық кітапханасында Абай Құнанбайұлымен танысып, онымен бірнеше жыл байланыста болғанын әсерлі әңгімелеп, 1886 жылы Абайдың Е.П.Михаэлистің ұсынысы бойынша Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланғанын, сондай-ақ, оның Семей облысын зерттеуге арналған еңбектері Ресей География қоғамның кезекті басылымдарында жарияланғаны туралы ақпарат берді.

Келесі сөз кезегінде өлкетанушы А.Халел - биылғы жылдың мерейтой иесі құрметті жерлесіміз, Семей өңірін зерттеуші, тарихшы, өлкетанушы Виктор Николаевич Кашляктың қаламыздың дамуына қосқан зор үлесін, ол жас кезінен туған өлке тарихын зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ қала тарихына қатысты материалдар жинақтаумен айналысқаны туралы деректермен бөлісіп,  өлкенің шежіресінен мол хабар беретін құнды туындылар қалдырғанын атап өтті.

Шара қорытындысында «Шежіреге толы Семей» тақырыбында слайд ұсынылып, В.Н.Кашляктың 2 томдық «Семипалатинские арабески», «Семипалатинское купечество: Плещеевы», М.Е.Сасановтың «Из находок краеведа» т.б. өлкетану кітаптармен, жергілікті басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Дата публикации
21 сентября 2026
Дата обновления
21 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы