Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Kitap Time

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, Орталық саябақта «Kitap Time» атты кітап марафонын ұйымдастырды.

Саябақта ұйымдастырылған бұл шарада кітапхана әдеттегі оқу залынан шығып, кітапты көпшілікке жақындата түсетін ерекше әдеби кеңістікке айналды. Қала тұрғындары мен қонақтары сүйікті кітаптарымен бөлісіп, жаңа шығармалармен танысып, әдеби сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынай алды.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері қатысушыларға «Kitap Time – 2026» жалпы республикалық кітап фестивалінің мақсаты мен маңызы туралы ақпарат беріп, кітап оқудың адам өміріндегі рөліне тоқталды.

Мерекенің қызықты әрі еркін атмосферасын қалыптастыру үшін бірнеше интерактивті алаң болды.

Book-crossing /кітап алмасу/. Бұл алаңда оқырмандар өздері оқып болған, бірақ басқа біреуге ұсынғысы келетін кітаптарын алаңға әкеліп, орнына өздеріне ұнаған басқа кітапты таңдап ала алды. Осылайша бір кітаптың бірнеше оқырманға жол тартып, жаңа иесіне жетуіне мүмкіндік берілді. Кітап алмасу арқылы қатысушылар өзара әдеби ұсыныстарымен де бөлісті.

Оқитын қала /кітап көрмесі/. Алаңда соңғы жылдары жарық көрген танымдық және көркем шығармалар, жастар арасында қызығушылық тудыратын заманауи әдебиеттер, мотивациялық кітаптар, сондай-ақ мерейтойлық даталары аталып өтетін қаламгерлердің шығармалары ұсынылды. Қатысушылар кітаптарды парақтап, өздеріне ұнаған туындыларды таңдап, кітапхана мамандарынан қажетті ақпарат алды.

Ой-LIKE /интеллектуалдық ойындар және викториналар/. Бұл алаңда кітап пен әдебиетке қатысты түрлі қызықты тапсырмалар, викториналар, зияткерлік және танымдық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар әдеби шығармалар, авторлар, кейіпкерлер мен кітаптар бойынша білімдерін сынап, ойлау қабілеттерін дамытты. Мұнда кітапқа деген қызығушылық тек оқу арқылы емес, ойын мен көңілді қарым-қатынас арқылы да арта түсті.

«Kitap Time» кітап марафоны - кітапты тек кітапхана сөресіндегі дүние емес, адамдарды жақындастыратын, пікір алмасуға мүмкіндік беретін және бос уақытты мазмұнды өткізудің жақсы тәсілі ретінде танытатын әдеби алаң болды. Ашық аспан астындағы еркін формат қала тұрғындарына кітап әлемін жаңа қырынан танып, оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
21 сентября 2026
Дата обновления
21 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы