Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Ұлттық киім – ұлттық келбет

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Қуаныш» балабақшасының даярлық тобы балаларының қатысуымен Ұлттық сезім жобасы аясында «Ұлттық киім – ұлттық келбет» атты шеберлік сағаты өткізді.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкері балаларды қазақ ұлттық киімінің тарихымен, ерекшеліктерімен және мәдени маңызымен, сондай-ақ қыздардың дәстүрлі шаш үлгілері, бұрымдарымен таныстырды. Ұлттық костюм элементтерінің символикасына және олардың халықтың мәдени бірегейлігін сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Әрі қарай бейне-тұсаукесер көмегімен әр түрлі тарихи кезеңдердегі дәстүрлі киім үлгілері, оларға тән ерекшеліктері мен сәндік элементтері көрсетілді.

Шеберлік сағаты барысында балалар кітапханашының жетекшілігімен ұлттық киім үлгілерінің бейнелерін жасап, оларды түрлі-түсті қағаздан жасалған дәстүрлі өрнектермен безендірді.

Іс-шара қорытындысында қатысушыларға қазақ халқының мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына байланысты ертегілер мен аңыздар ұсынылып, қазақ ұлттық киіміне, дәстүрлері мен қолөнеріне арналған кітаптар таныстырылды.

                                                  

Дата публикации
15 сентября 2026
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Бейнероликтер
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы