Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Туған өлке – тұнған тарих

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапханасында «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен Қала күніне арналған «Туған өлке – тұнған тарих» атты quiz ойыны өткізілді.

Іс-шараға М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Абай ақпарат бөлімі, «Абай облысының лингвистикалық орталығы» КММ, Семей қаласындағы ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектеп» және РМҚК Семей филиалының өкілдерінен құралған 5  команда қатысты. 

Іс-шара басында кітапхана қызметкері туған өлке тарихын зерттеудің жас ұрпақтың тарихи жады мен мәдени бірегейлігінің маңыздылығына тоқталды. Семей қаласының көрнекті ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлерінің есімдерімен тығыз байланысты бай тарихи-мәдени мұрасына ерекше назар аударылды. Өткен тарих пен туған өлкенің мәдени мұрасына деген қызығушылық ұлттық және өңірлік мәдени құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Quiz ойыны үш тақырыптық кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең «Шежірелі – Семей тарихы сыр шертеді». Мұнда Семей қаласының тарихи дамуының маңызды парақтарын көрсететін тарихи ғимараттарға, сәулет ескерткіштеріне және қала мұражайларына арналды. Екінші кезең «Тұңғыштар мекені». Семей қаласымен қызметі тығыз байланысты алғашқы ғалымдар, ақындар, жазушылар және басқа да көрнекті тұлғалар туралы сұрақтар ұсынылды. Жекелеген сұрақтар Алаш қозғалысының тарихына, футболдың, баспа ісінің дамуына және өңірдегі алғашқы мерзімді басылымдардың қалыптасуына ықпал еткен тұлғалар жайлы болды. Үшінші кезең «Өнерлі елім – Семейім» тақырыбына арналды. Бұл кезең Семей өңірінде дүниеге келген көрнекті өнер қайраткерлеріне, сондай-ақ олардың шығармашылық мұрасы мен отандық мәдениеттің дамуына қосқан үлесіне арналды.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара соңында Қ. Мұхамедхановтың «Хаттар сөйлейді», «Семей өңірінің ақын-жазушылары», Д.Сейсенұлының «Семей елі, Семей жері» кітаптары, сондай-ақ В. Кашляктың «Семипалатинск: три века истории», «Семипалатинск: от бургомистра до акима», «Семипалатинск: их именами названы…», «Летопись Семипалатинских улиц» еңбектерімен иллюстрациялық материалдар және өлкетану материалдары қойылған «Туған өлке – туған тарих» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Дата публикации
15 сентября 2026
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы