
Отбасы – қоғамның ең маңызды әлеуметтік және рухани құндылықтарының бірі. Ол балаларды тәрбиелеуде, олардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін және өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Қолайлы отбасылық атмосфера баланың үйлесімді дамуына ықпал етіп, жақындарына деген жауапкершілік, құрмет және сүйіспеншілік сезімін оятады. Отбасылық дәстүрлер, бірлесіп уақыт өткізу және ұрпақтар сабақтастығы туыстық байланыстарды нығайтуда үлкен мәнге ие.
Отбасы күніне орай «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің кітапхана-бөлімшелерінде отбасылық құндылықтарды насихаттауға, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және отбасылық дәстүрлерге деген құрметке тәрбиелеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Атап айсақ, Қалалық орталық кітапханада «Отбасы - адамгершіліктің алтын қазынасы» атты отбасылық байқау өтті. Іс-шараға Шакәрім атындағы Жоғары колледжінің 2-курс студенттері мен «Айым» балабақшасы тәрбиеленушілерінің ата-аналары қатысты.
Іс-шара басында кітапхана қызметкері отбасының тәрбие мен тұлға қалыптастырудың негізгі ортасы ретіндегі маңызын атап өтті. Дәл осы отбасында адамгершілік, өзара түсіністік, жауапкершілік пен сыйластық негіздері қаланатыны баса айтылды. Сонымен қатар өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен тұрақты қоғамның негізі ретінде берік те бақытты отбасының маңызына ерекше назар аударылды.
Отбасылық байқауға Бауыржан, Мергалиевтер, Серіккелді, Қуанышпай мен Ержановтар отбасы қатысты. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Отбасылар өздерінің өнерін, білімін, тапқырлығын және ұйымшылдығын көрсетті. «Біздің отбасы» – отбасы мүшелерін таныстыру және қатысушылармен танысу; «Отбасы – тәрбие басы» – отбасылық құндылықтар мен тәрбиеге арналған сұрақтар мен тапсырмалар; «Талантты отбасы» – әндер, билер, сахналық қойылымдар мен музыкалық нөмірлерді қамтыған шығармашылық өнер көрсетулер; «Дәстүр – баға жетпес мұра» – ұлттық ғұрыптар мен дәстүрлерді таныстыру; «Тату отбасы» – өзара түсіністікке, тапқырлық пен ұйымшылдыққа арналған командалық тапсырмалар; «Бірге оқимыз» – отбасылық оқу және сүйікті әдеби шығармаларды таныстыру сынды бірнеше кезеңнен тұрды.
Іс-шара барысында Букашева Эльмираның орындауында «Қос бәйтерек», «Ару ана», аналарға арналған әндер шырқалды.
Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушылардың білімін, шығармашылық шеберлігін, тапқырлығы мен ұйымшылдығын ескере отырып, өнерлерін бағалап, жеңімпаздарды «Үлгілі отбасы», «Талантты отбасы», «Ең тапқыр отбасы», «Шебер отбасы», «Ең көп оқитын отбасы» номинациялары бойынша марапаттады.
Іс-шара соңында отбасылық құндылықтарға, тәрбиеге, ұлттық дәстүрлер мен бірлескен оқуға арналған «Отбасы – мемлекет тірегі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Сонымен қатар, Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Отбасыммен мақтанамын» атты фотогалерея ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге арналған «Мақалды жалғастыр» ойыны өткізілді. Сондай-ақ оқушылар өз отбасыларының суреттерін ұсынып, олар туралы әңгімелеп, отбасылық дәстүрлер мен бірлескен бос уақыт ерекшеліктерін еске алды, ата-аналарының сүйікті мектеп пәндері мен балалық шақтағы сүйікті хоббилары туралы айтты.
Фотогалерия «Бірлікте тұрайық!» ойынымен жалғасты. Қатысушылар ойын шартына сәйкес түрлі әрекеттерді орындады. Сонымен қатар «Адам және отбасы» атты ұжымдық-топтық ойын өтті. Балалар үш топқа бөлінді. Әр топ отбасының адамға өмірдің әр кезеңінде не беретінін анықтады.
«Менің отбасым – менің мақтанышым» атты шығармашылық көрме Балалар және жасөспірімдер кітапханасында өтті.
Іс-шара барысында «Отбасы – бақыт ошағы» бейне-тұсаукесер көрсетілді. Оқырмандар отбасы туралы өз түсініктерімен бөлісіп, отбасын құруға дайындық, отбасылық әл-ауқат шарттары және оның мүшелері арасында үйлесімді қарым-қатынас орнату мәселелерін талқылады.
Көрме жалғасында «Сурет бойынша мақалды тап» викторинасы өткізілді. Сондай-ақ қатысушыларға өз отбасы мүшелеріне арналған ашықхаттар жасап, жылы лебіздерін жазу ұсынылды.
Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Менің отбасым - менің қуанышым» атты қызықты ақпарат, №6 кітапхана-бөлімшесінде «Отбасым - бақыт мекені» атты дөңгелек үстел, №2 кітапхана-бөлімшесінде «Тәрбие отбасынан басталады» атты адамгершілік сабағы, Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері отбасы күніне арналған «Happy family» атты ойындар аукционы және Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Отбасы - ұлт құндылығы» атты диалог алаңы өткізілді.
Іс-шаралар қорытындысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие, дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығы туралы құнды әдебиеттер ұсынылды.