
«Kitap Time-2026» жалпыреспубликалық кітап фестивалі - жыл сайын дәстүрлі түрде қыркүйек айында еліміздің барлық өңірінде өтетін ауқымды шара. Қоғамда әсіресе өскелең ұрпақ арасында кітап оқуды насихаттау, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, отандық және әлемдік әдебиеттің үздік туындыларын кеңінен таныстыру мақсатында «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің кітапхана-бөлімшелерінде бірқатар танымдық іс-шаралар өткізілді.
Атап айтсақ, Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Өмірімді өзгерткен кітап!» атты Bookdating өткізілді.
Шараға «Абай жастары» облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Ботагөз Мұратқызы, кітапханашылар Рымбосинова Орал Мамиевна, Омарғалиев Ерік Қайратбекұлының жетекшілігімен Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Кітапхана қызметкері кітаптың білім көзі, тұлғаның зияткерлік және рухани даму құралы ретіндегі маңызын атап өтті. Кітапхананың әдебиетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін және оқырмандардың зияткерлік пен жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасайтын мәдени-ағартушылық орта екенін атап өтті.
Шараның жалғасында Ботагөз Мұратқызы оқырмандарға өзі оқыған С. Керімбайдың «Бейсен және болмыс» кітабының мазмұнына, тәрбиелік мәніне және адам өміріне берер рухани пайдасына тоқталып, өзге қатысушыларға оқуға ұсынды. Шараға қатысушы Ерік Қайратбекұлы да өзі оқыған О. Бөкейдің «Аспирант қыздың тракторшы жігіті» атты кітабының мазмұнымен таныстырып, кітап оқудың маңыздылығына тоқталды. Қатысушылар бір-біріне оқыған кітаптарын ұсынып, жаңа шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Сонымен қатар, жас оқырмандар С. Мырзабайдың «Балалықтан даналыққа», Р. Кийосакидің «Бай әке, кедей әке», Н. Вуйчичтің «Өмірде шектеу жоқ» және басқа да оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, өздеріне әсер еткен шығармаларды достарына оқуға ұсынды.
Іс-шара жалғасында «Бір шығарма – төрт кескін» интерактивті ойыны өткізілді. Ойын шарты бойынша әр шығармаға қатысты төрт сурет ұсынылып, қатысушылар берілген бейнелердің өзара байланысын анықтау арқылы жасырынған шығарманың атауын табуға тырысты. Танымдық ойын оқырмандардың әдеби шығармаларды есте сақтау қабілетін арттырып және тапқырлық дағдыларын дамытуға ықпал етті. Bookdating қорытындысында «Жүрекке жол тапқан кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиетке библиографиялық шолу жасалды.
№12 кітапхана-бөлімшесінде «KitapTime-2026» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Кітаптар еліне саяхат» атты әдеби станциялар ойыны өтті.
Іс-шара басында кітапхана қызметкері адамның зияткері мен мәдени дамуындағы кітаптың маңызын атап өтіп, оның дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін, қиялын және қоршаған әлемді түсіну қабілетін қалыптастырудағы рөлін баса айтты.
Қатысушылар шараны «Кітаптар еліне саяхат» атты станциялар бойынша әдеби ойынмен жалғастырды, Ойын бірнеше тақырыптық станцияны қамтыды. Олардың тапсырмалары әдеби шығармалар, ертегілер, кейіпкерлер және балалар әдебиеті туралы білімдерін өзектендіруге және тексеруге бағытталды. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті, сондай-ақ жекелеген белгілері бойынша шығармаларды анықтап, кітаптың авторы мен әдеби кейіпкерлердің аттарын атады.
Ойын барысында оқушылар бұрын оқыған шығармаларына жүгініп, әдеби фактілерді салыстырды және кітаптар туралы ақпарат алмасты.
Сонымен қатар, Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Кітап – деген ғажайып» атты кітап вернисажы, Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Қызықты кітаптар әлеміне саяхат» атты кітап круизі, Цемент кенті кітапхана-бөлімшесінде «Кітаптан шабыт аламыз» атты әдеби вернисаж өткізілді.
«Kitap Time-2026» республикалық кітап фестивалі аясында өткен бұл шаралар оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін дамытуға ерекше үлес қосты. Кітапханада ұйымдастырылған іс-шаралар қатысушыларға отандық және әлемдік әдебиеттің үздік туындыларымен кеңінен танысуға мүмкіндік берді.