
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Семей медициналық университетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен ҚР.Президентінің Жолдауы бағдарламалық мақалалары аясында «Жолдау - болашақты айқындайды» атты дәріс өткізді.
Іс-шараға Шәкәрім университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Мұқатаева Айзат Амантайқызы қатысты.
Дәріс барысында кітапхана қызметкері Президент Жолдауы - елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды стратегиялық құжат және онда көтерілген мәселелер қоғамның барлық саласына бағытталғанын, әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ел дамуына үлес қосса ғана жолдауда көзделген мақсаттарға жетуге болатындығын жеткізді.
Жолдауда цифрландыру мен инновация тақырыбы да назардан тыс қалмады. Қазіргі әлемде технология дамуы - бәсекеге қабілетті ел болудың басты шарты. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу – уақыт талабы. Бұл бағыттар ел басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жолдауда цифрландыру мен инновация тақырыбы, сондай-ақ жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу қазіргі заман талабы екендігі айтылды.
Шара қонағы Айзат Амантайқызы Мұқатаева Жолдау - жастарға сенім артудың, олардың әлеуетін ашудың және табысты болашағын қалыптастырудың нақты жоспарын және әр жас осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, өз білімін ел игілігіне жұмсаса, Қазақстанның келешегі кемел, болашағы баянды болары сөзсіз болатынын атап өтті.
Іс-шара жалғасында 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғаны және жасанды интеллект бұрын ғылыми қиялдың ғана бір бөлігі болса, бүгінде өміріміздің шынайы құрамына айналып, күнделікті тұрмыстан бастап өнеркәсіпке дейінгі барлық салаларға әсер етіп жатқаны бейне тұсаукесер арқылы көрсетілді.
Іс-шара соңында оқырмандар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Оқырмандарға келіп түскен жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдар беттеріне жарияланған мақалалардан «Жолдауға қолдау» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бибилографиялық шолу жасалды.