Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Әр тіл – әлемге ашылған терезе

 

            Жыл сайын Қазақстанда елдің тілдік және мәдени әралуандығын бейнелейтін - Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі. Қазақстан - әр түрлі этностардың тілдері, дәстүрлері мен мәдени мұралары ұқыпты сақталатын көпұлтты мемлекет.

            Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында «Семей қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің кітапхана-бөлімшелерінде тілдерді насихаттауға, ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген құрметке тәрбиелеуге, оқырмандардың дүниетанымын кеңейтуге және этносаралық өзара түсінікті нығайту мақсатында әр-түрлі форматта іс-шаралар өткізілді.

            Атап айсақ, Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Әр тіл – әлемге ашылған терезе» атты тілдер шеруі өтті.

            Іс-шараның басында кітапханашы Қазақстанның тілдік және этномәдени алуантүрлілігіне тоқталып, елімізде 130-дан астам этнос өкілдері тұратынын, қазақ тіл - мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас құралы ретінде қолданылатынын атап өтті.

            Тілдер шеруі Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінің тілдерінде амандасудан басталды. Оқушылар бір-бірін орыс, украин, корей, неміс, татар және өзбек тілдерінде қарсы алды. Іс-шара барысында тіл мен халық мәдениетінің маңызы туралы мақал-мәтелдер айтылып,  оқушылар халықтардың тарихи тәжірибесі мен даналығын көрсететін қазақ және орыс мақал-мәтелдерін оқыды.

            Келесі кезеңде қатысушылардың ел тарихы мен мәдениеті жөніндегі білімдерін сынауға бағытталған «Отаныңды білесің бе?» атты байқау ұйымдастырылып, оқушылар тақырыптық сөзжұмбақ шешті. «Дұрыс оқы!» кезеңінде қатысушылар сөздерге екпінді дұрыс қою, әдеби тіл нормаларын сақтау және мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті. Тілдер шеруі түрлі халықтар өкілдерінің өзара құрметін, мәдени диалогы мен бірлігін паш еткен достық туралы әнмен аяқталды.

            Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесінде «Тілім менің мақтанышым» атты дөңгелек үстел өтті.

            Іс-шара басында кітапхана қызметкері тілдің ұлттық мәдениет пен халықтың тарихи жадысын сақтаудағы рөлі туралы айтып, мемлекеттік тілді дамытудың маңыздылығын және Қазақстанның әртүрлі этнос өкілдерінің тілдеріне құрметпен қарайтынына тоқталды.         Дөңгелек үстел барысында оқушылар «Тіл – ұлттың рухы», «Менің тілім – менің мақтанышым», «Тілді дамытуға қосқан менің үлесім» тақырыптарын және  Абай Құнанбаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Ыбырай Алтынсариннің және басқа да қайраткерлердің қазақ тілі, әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін талқылап, өз пікірлерін білдіріп, ой алмасты. Тіл туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып, «Тіл білгірлері» танымдық викторинасына қатысты.

            №12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Абай облыстық соты мамандарының қатысуымен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ақпараттық сағат өткізді.

            Іс-шара барысында қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылды. Абай Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» және Ахмет Байтұрсынұлының «Достыма» өлеңдері «спиральді оқыту әдісі» арқылы оқылды. Сонымен қатар қатысушылар тілге қатысты мақал-мәтелдерді құрастырып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен тапқырлықтарын көрсетті.

            Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Көп тіл білу – келешектің кілті» атты Flashbook-презентация өтті.

            Шара басында кітапхана қызметкері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде қазақ тілінің маңызына тоқталды. Қазақ тілі ұлттық бірегейліктің маңызды құрамдас бөлігі екенін, онда қазақ халқының тарихы, рухани құндылықтары, әдебиеті мен мәдениеті көрініс тапқаны атап өтілді. Сондай-ақ шет тілдерін үйрену мемлекеттік және ана тілін терең меңгерумен және құрметтеумен үйлесімді түрде ұштасуы тиіс екенін тілге тиек етілді.

            Қатысушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын оятуға және олардың қазіргі заманғы адам өміріндегі рөлін ұғынуға бағытталған «Ойланып көрейік!» атты танымдық викторина өткізілді. Сонымен қатар, қатысушыларға өз білімдерін тексеріп, тілдік әралуандыққа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін «Бұл қандай тіл?» атты интерактивті ойын ұсынылды.

            «Тіл – достық пен келісімнің алтын көпірі» атты әдеби сандық №6 кітапхана-бөлімшесінде өтті.

            Іс-шара барысында қатысушылардың логикалық ойлауын, сөйлеу белсенділігін дамытуға бағытталған «Жалғастыр», «Кім жылдам?», «Ойлан да, тап» ойындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқушылар тіл туралы өлеңдермен,  ұлы ойшылдардың тіл туралы даналы сөздерін мәнерлеп оқыды.

            Сонымен қатар Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Ана тілі – өмір кілті» атты квест-ойыны, Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Ана тілің – арың бұл» атты эрудит шоу, №2 кітапхана-бөлімшесіңде «Тілім менің - тірегім» атты тақырыптық кеш өткізілді.

            Аталған шаралар барысында қатысушылар қазақ тілінің байлығы мен маңызын танып, тілге деген құрметтерін арттырды. Іс-шара Қазақстандағы тілдік және мәдени алуантүрлілікті дәріптеп, түрлі этнос өкілдерінің тілдеріне құрметпен қарауға бағытталды.

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
07 сентября 2026
Дата обновления
07 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы