Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Білімді ұрпақ - ел болашағы

Қыркүйек айының алғашқы күні ел көлемінде қуанышқа толы Білім күні ретінде аталып өтеді. Бұл – білім мен ғылымды, оқу мен өзін-өзі дамытуды бәрінен биік қоятын қоғамымыз үшін айрықша маңызды дата. Жаңа оқу жылының басталуы әрбір жасөспірімге арман-мақсаттарына жету жолында жаңа мүмкіндіктер мен қадамдар сыйлайды. Осы орайда, оқуға және білімге деген қызығушылықты қалыптастыру, адам өміріндегі кітап пен білімнің рөлін түсіну, өзін-өзі дамытуға ұмтылуды ояту мақсатында «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің кітапхана-бөлімшелерінде әр түрлі форматта іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесінің қызметкері 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Білімді ұрпақ - ел болашағы» атты рухани-патриоттық кеш өткізді.

Кітапхана қызметкері білімнің адам өміріндегі маңызы мен оның ел дамуындағы рөлі туралы айтып берді. Оқушыларға оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге және жеке тұлға ретінде дамуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған «Білім ал!», «Ұмтыл!», «Дамы!» деген үндеулер жолданды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Конституциясына мемлекеттің Негізгі заңы ретінде жеке назар аударылды. Заңды құрметтеу, азаматтық жауапкершілік, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін білу және сақтау мәселелері қарастырылды.

  Сонымен қатар іс-шара аясында экология тақырыбы қозғалып, «Таза Қазақстан» идеясы кеңінен насихатталды. Оқушылар табиғатқа ұқыпты қарауға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырылды. «Әрбір азамат – табиғат қорғаушысы» және «Табиғатты қорғау - ортақ міндетіміз» деген үндеулер пайдаланылды.

  Патриоттық кешті Қадыр Мырза Әлінің «Қазақ тілі», Фариза Оңғарсынованың «Тіл» және Жұбан Молдағалиевтің «Қазақ тілі» өлеңдерін оқыған оқушылардың өнерлері толықтырды.

№12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері жас оқырмандардың қатысуымен «Білім әлеміне саяхат» атты зияткерлік ойынын өткізді.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері білімнің, ғылым мен оқудың әрбір адам өміріндегі маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізді. Көзқарасты кеңейтетін және тұлғаның дамуына ықпал ететін маңызды білім көзі ретінде кітаптың рөліне тоқталды.

  Әрі қарай бірнеше тақырыптық кезеңнен тұратын зияткерлік ойыны өтті. Онда эрудицияны тексеруге, логикалық ойлауды, зейінділік пен тапқырлықты дамытуға бағытталған әртүрлі тапсырмалар ұсынылды. Сұрақтар мен тапсырмалар әдебиет, тарих, география, логика және жалпы эрудиция сияқты салаларды қамтыды. Сонымен қатар, қатысушыларға қызықты жұмбақтар мен шешудің стандартты емес тәсілін талап ететін сұрақтар ұсынылды.

  Шара соңында «Білім әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Абай Құнанбаев «Қара сөздер», Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал», Мұхтар Әуезов «Абай жолы», Мұхтар Шаханов «Өркениеттің адасуы», Жюль Верн «Двадцать тысяч лье под водой», Марк Твен «Приключения Тома Сойера», Даниэль Дефо «Робинзон Крузо», Юваль Ной Харари «Sapiens. Краткая история человечества» сынды көркем әдебиет туындылары, танымдық және анықтамалық басылымдар қойылды.

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде №32 мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Жаңа оқу жылына - жаңа серпін» атты білім ағашы өткізілді.

  Іс-шара «Жазғы естеліктер чемоданы» атты әңгімемен басталды, оқырмандар жазғы демалыстарын қалай өткізгендері туралы және оқыған кітаптары жайында ой бөлісіп, жаз бойы нені үйренгендерін, демалыс кезінде барған ең әсем орындары турала айтты.

  Әрі қарай балалардың назарын тақтадағы бірнеше бөлімнен тұратын Білім ағашына аударды. Ең төменгі бөлімінде оқушылар өздерінің болашаққа қойған мақсаттарын жазып, қандай жетістіктерге жетуді және нені үйренгісі келетіндерінмен бөлісті. Олар мектеп пәндері бойынша білімдерін тереңдетумен қатар, гитарада ойнауды, ас әзірлеуді, тігін тігуді, тоқуды, сүйікті спорт түрлерімен айналысуды армандайтындарын айтты.

  Білім ағашының екінші «Өткенді қайталау» бөлімінде мектеп пәндері бойынша жалпы сұрақтар қойылды. Сұрақтар математика, география, тарих, әдебиет, ботаника және зоология пәндерін қамтыды. Мысалы, Жер шарында неше материк бар, әлемдегі ең биік тау, Жердегі ең ірі жануар, есімін әр дәрігер білетін антымен танылған ежелгі грек ғалымы, шеңбер сызуға арналған құрал, санның жүзден бір бөлігі және басқа да көптеген сұрақтар берілді. Үшінші бөлімі «Логикалық тапсырмалар» деп аталып, онда ребустар мен түрлі басқатырғыштар ұсынылды. Қорытынды бөлімде оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тапсырма беріліп өз білімдерін сынады.

Сонымен қатар, Қалалық орталық кітапханада «Ел болашағы – білімді ұрпақ» атты кітапханаға саяхат, Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Білімнің көзі кітапта» атты экскурсия, Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Алғашқы қоңырау» атты тәрбие сабағы өтті.           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
02 сентября 2026
Дата обновления
02 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы