Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде атқарылған іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани әлемінде айрықша орны бар ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, ағартушы. Оның адамды білімге, еңбекке, әділет пен адамгершілікке үндеген тағылымды ойлары уақыт өткен сайын өз құндылығын арттырып, әр буынның рухани бағдаршамына айналып келеді. Ұлы ойшылдың шығармаларын оқу – өткенді танумен ғана шектелмей, бүгінгі болмысымызды саралап, келешекке бағыт алуға мүмкіндік береді. Сондықтан Абай күні – ақынға тағзым етумен қатар, оның мол мұрасын жаңаша танып, жас ұрпақтың санасына сіңіруге үндейтін маңызды рухани мереке.

Осыған орай «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің кітапхана-бөлімшелерінде Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеуге арналған әдеби-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Әдеби кештер, кітап көрмелері, танымдық сағаттар, поэзия оқулары, зияткерлік ойындар мен шығармашылық кездесулер арқылы оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылығына тереңірек үңіліп, оның өнегелі ойларының бүгінгі қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте сезінді. Бұл шаралардың басты мақсаты – Абай мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Қалалық орталық кітапханада ұйымдастырылған «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты әдеби TikTok-челлендж ұлы ақын мұрасын жастарға заманауи форматта ұсынуымен ерекшеленді. Қатысушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер орындап, ұлттық нақыштағы арнайы безендірілген алаңдарда бейнероликтер түсірді. Жастарға әлеуметтік желіге арналған мазмұнды әрі креативті бейнематериал әзірлеудің жолдары түсіндіріліп, дайын жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды. Осылайша Абай сөзі кітап парақтарынан цифрлық кеңістікке жол тартып, жастардың шығармашылығы арқылы жаңаша сипат алды.

№6 кітапхана-бөлімшесінде «Абай – ұлы ақын, кемеңгер ойшыл» атты әдеби шолу өтті. Оқырмандар ақынның өмір жолы, шығармашылығы және ағартушылық қызметі туралы мағлұмат алып, оның қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына қосқан үлесіне тереңірек үңілді. Абайдың табиғат, білім, ғылым мен ағартушылық тақырыптарындағы өлеңдері оқылып, қара сөздеріндегі адамгершілік құндылықтар төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылды. «Абайдың мәңгілік мұрасы» кітап көрмесі ақын шығармашылығын тереңірек танығысы келген оқырмандарға мол әдеби мұраны ұсынды.

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен «Абай әлеміне саяхат» атты әдеби прожектор дәстүрлі кітап насихатын жаңа технологиялармен ұштастырды. Оқырмандар Мұхтар Әуезовтің «Абай Құнанбаев», Қайым Мұхамедхановтың «Абай шығармаларына түсініктемелер», Мекемтас Мырзахметұлының «Абайтану» еңбектері және ақынның қара сөздері арқылы Абай әлеміне терең бойлады. «Өлеңнің жалғасын тап», «Суретпен сырласу» танымдық викториналары қатысушылардың қызығушылығын арттырса, мобильді қосымша мен QR-код арқылы жасалған виртуалды саяхат ақынның өлеңдерімен, қара сөздерімен және аудармаларымен цифрлық форматта танысуға жол ашты.

№2 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «Жидебай – Семей» атты әдеби керуен өткізді. Қатысушылар Семей – Жидебай бағыты бойындағы тарихи-мәдени орындар туралы таныстырылым көріп, Еңлік – Кебек аңызы, Күшікбай батыр ескерткішінің тарихы, Мұхтар Әуезовтің үй-мұражайы және «Абай – Шәкәрім» мемориалдық кешені туралы ақпарат алды. Сонымен қатар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар мен альбомдар таныстырылып, «Жидебай – Семей» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Сонымен қатар, Абай күні аясында Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Ұлы Абайдың даналығы» атты әдеби вернисаж, Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Абайды танып біл» зияткерлік викторинасы, Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Бірегей данышпан» атты поэзиялық оқулар, Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Абайды оқимыз» атты мәнерлеп оқу өткізілді.

Аталған шаралар ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттап, оқырмандардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
07 августа 2026
Дата обновления
07 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы