Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Террористік қауіптердің алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері қаралды

Абай облысы Семей қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған профилактикалық сабақ өтті.

Іс-шараның мақсаты – объектілердің қауіпсіздігін арттыру, терроризм актілерінің алдын алу және ықтимал қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін күшейту.

Сабаққа кәсіпкерлік субъектілерінің, тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының, мәдениет, спорт нысандарының, туристерді орналастыру орындарының және діни объектілердің басшылары мен күзет қызметтерінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын терроризм мақсатында пайдалану, кибершабуылдар, пошта қызметтерін заңсыз қолдану, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер мен стратегиялық нысандарға төнетін террористік қауіптер қарастырылды. Қатысушыларға қауіптердің алдын алу шаралары мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.

Дата публикации
31 июля 2026
Дата обновления
31 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы