Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – әділетті қоғамның берік негізі

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Осы бағытта Семей қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыты аясында қала әкімінің бұйрығына сәйкес 2026 жылдың сәуір–мамыр айларында әкімдіктің дербес бөлімдері мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, анықталған тәуекелдерді жоюға бағытталған нақты іс-шаралар қолға алынды.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі хаттамаларында берілген тапсырмаларды орындау, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің ұсынымдарын іске асыру, сондай-ақ әртүрлі мақсатты аудиториялар арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру тұрақты негізде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің ғана міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан қалада тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға, мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға және адалдық қағидаттарын кеңінен дәріптеуге ерекше көңіл бөлінуде. Ақпараттық-түсіндіру кездесулері, дәрістер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес осы уақытқа дейін комиссияның екі отырысы өткізіліп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және профилактикалық жұмысты күшейтуге қатысты төрт өзекті мәселе қаралды. Қорытындысында бес ұсыным қабылданып, олардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Біздің басты мақсатымыз – әрбір азамат өзін әділ әрі ашық қоғамның мүшесі ретінде сезінетін орта қалыптастыру. Ол үшін мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігі, қоғаммен сындарлы диалог және заң талаптарын мүлтіксіз сақтау ерекше маңызға ие.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік саясат емес, бұл – әр азаматтың азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігінің көрінісі. Адалдық, әділдік және заңға құрмет қағидаттарын ұстана отырып қана біз қоғамның тұрақты дамуына және өңіріміздің өркендеуіне бірге үлес қоса аламыз.

Семей қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамның сенімін нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

 

 

 

Дата публикации
08 июля 2026
Дата обновления
08 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мәңгілік жаса, менің Қазақстаным!
Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы