Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Кітапханағы балалардың жазғы демалысы

Жазғы демалыс - балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы кезең. Осы орайда «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6, №12, Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері кітапханада жазғы демалыс бағдарламасын ұйымдастырып, балаларға түрлі танымдық және қызықты іс-шаралар өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және жазғы демалысты мазмұнды өткізуге ықпал ету.

Бағдарлама аясында балалар кітап оқып, ертегілер мен әңгімелерді талқылады, әдеби викториналарға, зияткерлік ойындарға, сурет салу және қолөнер шеберлік сағаттарына қатысты. Сонымен қатар, кітап көрмелеріндегі жаңа кітаптармен танысты.

Кітапханада жазғы демалыс қызықты әсерлерге толы болып, қатысушыларға ұмытылмас естеліктер сыйлап, балалардың жаңа достар тауып, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуіне жағдай жасады.

 

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
29 июня 2026
Дата обновления
29 июня 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы