Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Денсаулық формуласы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «Ой-сана» білім беру орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен ұлт саулығы - еліміздің негізгі приоритеті бағытына  арналған «Денсаулық формуласы» атты маңызды диалог өткізді.

Іс-шараға «Platforma» би студиясының хореограф-тренері Жания Асқарқызы Ержанова қатысты.

Іс-шара барысында Жания Асқарқызы денсаулықты сақтаудың негізгі қағидалары: дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, дене белсенділігінің маңызы және спорттың адам өміріндегі рөлі туралы айтты. Сонымен қатар өзінің еңбек жолы мен жетістіктері жайлы әңгімелеп, жастарды белсенді өмір салтын ұстануға шақырып, жеңіл дене жаттығулары мен би қимылдарын үйретіп, белсенді қимыл-қозғалыстың адам денсаулығына пайдасын көрсетті.

Әрі қарай қатысушыларға арналған қызықты ойындар ұйымдастырылып, денсаулыққа қатысты сұрақ-жауаптар мен танымдық тапсырмалар өткізілді. Балалар пайдалы және зиянды әдеттерді ажырату, дұрыс тамақтану және жеке бас гигиенасы туралы білімдерін ортаға салды.

Шара қорытындысында «Салауатты өмір-жарқын болашақ» атты кітап көрмесі таныстырылды.

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
26 июня 2026
Дата обновления
26 июня 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы