Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Әке – ақылшы әрі дос

Халықаралық Әкелер күні әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Осыған орай Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде /ОКЖ/ -нің кітапхана-бөлімшелерінде әкелердің отбасындағы рөлін, бала тәрбиесіне қосқан үлесін бағалауға және оларға деген алғыс білдіру мақсатында әртүрлі форматта іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері «Радуга» балабақшасының «Теремок» тобы тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Әке – ақылшы әрі дос» атты әңгіме-диалог өткізді.

Іс-шара барысында Евгений Носовтың «Белый гусь» әңгімесі таныстырылды. Шығарманың негізгі мазмұны арқылы әкенің рөлі терең мағынаға ие екені, әкелік ұғымның мейірімділікке, жауапкершілікке және отбасы мен бала үшін өзін құрбан етуге негізделетіні түсіндірілді.

Жас қатысушылар әкелері туралы өлеңдер оқып, сонымен қатар әкелерін қалай жақсы көретіндерін, үйде қалай еркелетіп атайтындарын айтып, әрбір бала үшін әкенің орны ерекше әрі маңызды екенін жеткізді.

«Әке сөзі – ақылдың көзі» атты видео-эстафета Қалалық орталық кітапхана қызметкері  өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің әкелерінен алған өмірлік сабақтары мен өнегелі сөздері туралы бейнероликтер дайындап, әлеуметтік желіде бөлісті. Олар әкелерінің ақыл-кеңестері мен тәрбиесінің өз өмірлеріне тигізген оң әсері туралы айтып, жүрекжарды алғыстарын жеткізді.

Видео-эстафета аясында қатысушылар арасында «Әке дегенде ойыңызға қандай сөз келеді?» атты онлайн флешмоб ұйымдастырылып, оқырмандар әкені қамқорлық, тірек, қорған, ақылшы, тәрбиеші секілді қасиеттермен байланыстырды. Сонымен қатар, «Әкеме рақмет, өйткені...» атты алғыс челленджі өткізілді. Қатысушылар әкелеріне деген ыстық ықыластарын білдіріп, олардың өміріндегі ерекше орны туралы әсерлі жазбалар жариялады.

Сонымен қатар Instagram желісінде әке тақырыбына арналған мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер бойынша интерактивті викторина ұйымдастырылды және «Менің әкем – менің мақтанышым» атты фоточеллендж өткізіліп, оқырмандар әкелерімен түскен суреттерін жариялап, қызықты естеліктерімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылардың бейнероликтері мен фотосуреттерінен дайындалған қорытынды бейнежинақ ұсынылды.

Цемент кентінің кітапхана-бөлімшесінде №32 мектептің жазғы лагер демалушыларының қатысуымен «Әке туралы білесің бе?» атты викторина өтті.

Викторина бірнеше бөлімнен тұрды.

Бірінші бөлім «Ертегілер мен мультфильмдердің әкелері» деп аталды. Онда балалар әйгілі әдеби кейіпкер - әкелер туралы білімдерін көрсетті. Келесі бөлім «Әкең туралы айт» деп аталды. Викторинаның осы бөлімінде балалар әкелерінің өміріндегі қызықты және күлкілі оқиғаларды айтты. Әрі қарай шара әзіл түрінде «Әкемнің қолынан бәрі келеді» атты викторинамен жалғасты.

Сонымен қатар  шара соңында «Әкем кім болып жұмыс істейді?»  деген  жұмбақ- викторина өткізілді.

Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкері «Әкешім – бәйтерегім» атты шығармашылық шеберхана өткізді.

Шарада оқырмандар «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Әкемнің жақсы қасиеті», «Әке мен бала» фотокөрмесі атты тапсырмаларға қатысты.

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Әке – шаңырақтың тірегі» атты ашық микрофон өтті.

Іс-шара барысында «Ашық микрофон» алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар әкеге арналған өлеңдер оқып, әкелеріне деген алғыстары мен жүрекжарды тілектерін білдіріп, өз әсерлерімен бөлісті.

Сонымен қатар «Әкемді қаншалықты білемін?», «Мақалды жалғастыр», атты ойыны, отбасы құндылықтарына байланысты сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды, сондай-ақ «Әкеме хат» атты шығармашылық тапсырмада қатысушылар әкелеріне деген ризашылықтарын қағаз бетіне түсірді.

 

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
19 июня 2026
Дата обновления
19 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы