Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Рәміздер ел беделі

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде /ОКЖ/ ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай, азаматтардың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастыру және патриоттық сезім мен елге деген сүйіспеншілікті нығайту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап айтсақ  Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері «Рәміздер ел беделі» атты патриоттық кеш өткізді.

Шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің жасалу тарихымен танысып, олардың авторлары, символдық мәні және ұлттық бірлікті нығайту мен мемлекеттілікті қалыптастырудағы рөлі туралы мәлімет алды. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихынан, елдің дамуындағы маңызды кезеңдері мен қазіргі жетістіктеріне арналған бейнеролик көрсетілді.

Патриоттық кеш аясында «Әлихан Бөкейхан» университетінің студенті Манарбек Ықылас «Ерке сылқым» және Секен Тұрысбектің «Ақ жауын» күйлерін тарту етіп, «Тәуелсіздік» және «Туған жер» әнін Эльмира Букашева шырқады. Жас сарбаздар Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін оқыды.

Әрі қарай «Рәміздер және тарих» атты Quiz ойыны мен «Тапқыр болсаң, тауып көр» сияқты танымдық ойындар ұйымдастырылды.

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Рәміздер – Тәуелсіздік тұғыры»  атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет салды.  Көк аспан астында желбіреген Мемлекеттік Туды, алтын күн мен қыран құсты, әсем табиғатты, туған жердің көрікті жерлерін, сондай-ақ  отбасын, оқып жатқан мектебін және күнделікті өмірдің түрлі элементтерін сурет арқылы көрсетті.

№12 кітапхана-бөлімшесінде «Тарихтан туған рәміздер» атты Quiz өткізілді.

Шара барысында оқушылар «Айбын» және «Рух» атты екі топқа бөлініп, білім сайысына қатысты. Қатысушыларға мемлекеттік рәміздер туралы бейнематериалдар көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша сұрақтар қойылды.

Оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының авторларын атап, рәміздердің мәні мен маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, Қазақстан тарихына қатысты түрлі тапсырмаларды орындады.

Өткен іс-шаралар қорытындысында патриоттық бағыттағы кітаптар, мерзімді басылымдар және ақпараттық-анықтамалық материалдар ұсынылған тақырыптық кітап көрмелеріне шолу жасалды.

 

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
04 июня 2026
Дата обновления
04 июня 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы