Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Балаларға қуаныш сыйлайық

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде /ОКЖ/ Халықаралық балаларды қорғау күні аясында балаларға көңілді уақыт сыйлап, олардың рухани және интеллектуалдық дамуын қалыптастыру мақсатында жазғы лагерь балаларының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Бала бақыты – ұлттың бақыты» атты ой-өріс сандығы өтті.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері баланың ел мен ұлттың болашағы екенін атап өтті. Ол сапалы білім беру, дені сау әрі қауіпсіз ортада тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау қоғамның өркендеуінің негізі екенін ерекше атап өтті.

Әрі қарай қатысушыларға мультимедиялық тұсаукесер арқылы баланың білім алуға, денсаулығын қорғауға, демалуға және бос уақытын тиімді өткізуге, отбасында қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөленуге, сондай-ақ өз пікірін еркін білдіруге құқығы бар екендігі айтылды.

Шара барысында балалар «Кім жылдам?», «Әуе шарын жару», «Сұрақ-жауап», «Көңілді би» және «Фортуна» ойындары мен байқауларына қатысты. Сонымен қатар музыкалық үзілістер ұйымдастырылып, әндер шырқалып, билер орындалды.

Іс-шара соңында «Жаңа кітаптар әлемі» атты кең көлемді кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, «Барыс» дүкенінің демеушілігімен балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

№6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері «Балаларға қуаныш сыйлайық» атты көңілді ойын бағдарламасын өткізді.

Шара барысында балаларға арналған қызықты қимылды және танымдық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Қимылда да, тоқта», «Түрлі-түсті шарлар», «Жазда не болады, не болмайды?» ойындары мен «Ертегі кейіпкерін тап» атты викторина өткізілді. Сонымен қатар бүлдіршіндер жаз мезгілі, достық және балалық шақ туралы өлеңдер оқыды.

«Балалық шақ – күлкі мен қуаныш» атты ойын-сауық бағдарламасын Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкері өткізді.

Кітапханашы мерекенің шығу тарихы мен маңызына тоқталып, өсіп келе жатқан ұрпаққа қамқорлық жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ұрпақ тәрбиесіндегі кітап пен оқудың ерекше рөлін айтып, кітап баланың дүниетанымын кеңейтуге, қиялын дамытуға және білімге деген сүйіспеншілігін оятуға ықпал ететінін жеткізді.

Әрі қарай балалар үшін қозғалмалы ойындар, интеллектуалдық викториналар және түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалардың орындауында «Туған өлке», «Кішкентай ел», «Айгөлек», «Ақ мамам», «Ақ көгершін» әндері шырқалып, мерекелік концерт болды.

Сонымен қатар №2 кітапхана-бөлімшесінде «Бала - елдің ертеңі» атты көңілді ойындар күні, Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Балалық шақ – ең жақсы уақыт» атты ертегі саяхаты, Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесінде «Бала – бақыт, бала – өмір» атты ойын-сауық бағдарламасы, №12 кітапхана-бөлімшесінде «Болашақ сәні» атты балалар подиумы, Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Балалық шақ – бақытты әлем» атты әдеби-ойындық мереке және «Біз бақытты балалармыз!» атты ертеңгілік Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде өткізілді.

Барлық іс-шаралардың қорытындысында балаларға арналған көркем шығармалар мен отбасылық оқуға арналған ертегі кітаптар қойылған кітап көрмесі таныстырылды.

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
03 июня 2026
Дата обновления
03 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы