Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Естеліктің ащы жылдары

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Семей қаласындағы 44793 әскери бөлімі сарбаздарының қатысуымен 31 мамыр - Қазақстандағы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Естеліктің ащы жылдары» атты естелік-лента өткізді.

Кітапхана қызметкері шара басында атаулы күннің маңыздылығына тоқталып, ХХ ғасырдың ауыр кезеңдері – саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдары туралы қысқаша ақпарат берді. Сондай-ақ жазықсыз жапа шеккен жандардың тағдыры мен олардың ел тарихындағы орны туралы әңгімеледі.

Әрі қарай тақырыпқа сай бейнебаян көрсетіліп, қатысушылар өткен тарихтың қасіретті беттерімен танысты.

Іс-шара барысында сарбаздарға саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың еңбектерін насихаттау мақсатында спиральді оқыту әдісі қолданылды. Сонымен қатар шығармаларының атаулары бойынша сөздерден сөзжұмбақ құрастыру арқылы «Тарсиа» әдісі пайдаланылды.

Шара қорытындысында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық тақырыбындағы тарихи, деректі және көркем шығармалар қойылған «Естеліктің ащы жылдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.

 

 

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
29 мая 2026
Дата обновления
29 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы