Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Мәдениет – елдің айнасы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапханада кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет – елдің айнасы» тақырыбында музыкалық кеш өткізілді.

Шараға Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Бақытжан Түктібаев пен кітапхананың тұрақты оқырманы Эльмира Серғазықызы Букашева қатысты.

Кітапхана қызметкерлері мәдениет пен өнердің ел өміріндегі маңызы, рухани құндылықтарды сақтаудағы рөлі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Қатысушылар қазақ халқының мәдени мұрасы, ұлттық өнердің дамуы мен мәдениет қызметкерлерінің еңбегі жайлы тағылымды ойларын ортаға салды.

Кеш барысында мәдениет тақырыбына арналған өлеңдер оқылып, танымал ақын-жазушылардың қанатты сөздері ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар үшін интеллектуалды-танымдық ойындар мен тақырыптық викториналар ұйымдастырылды.

Шара қонақтары қазақтың халық әндері мен заманауи әндер шырқап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара қатысушылары мәдениет пен өнердің қоғамдағы орны туралы өз пікірлерімен бөлісіп, мерекелік ізгі тілектерін білдірді.

Шара қорытындысында мәдениет, өнер және әдебиет тақырыбындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған «Өңір мәдениетінің өресі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

 

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
21 мая 2026
Дата обновления
21 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы