Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Сазды әуен, сырлы сезім

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Т.Аманов атындағы №16 мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен сазгер Бекен Жамақаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Сазды әуен, сырлы сезім» атты музыкалық сандық өтті.   

Шараға Бекен Жамақаевтың қарындасы Бейбітжан Жамақаева, Абай облысының тарихи мәдени мұраны қорғау орталығының маманы Меруерт Оралханқызы Торайғырова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі-маманы Анар Маратқызы Төлеубаева, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің музыка пәнінің оқытушысы Нұргүл Сағынбайқызы Сағынбаева қатысты.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері оқырмандарға қазақ өнерінің дамуына зор үлес қосқан композитор Бекен Жамақаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстырды. Сондай-ақ шынайылық пен терең сезімге толы әуезді туындылары өнер сүйер қауымның жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

Шара қонағы Бейбітжан Жамақаева ағасы туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, оның шығармашылық жолы, рухани дүниесі, өнерге деген сүйіспеншілігі туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар Меруерт Оралханқызы сазгердің шығармашылық жолын, өмірлік болмысын және қазақ музыкасына қосқан үлесі туралы ақпарат берді. Тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі-маманы Анар Маратқызы Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында Бекен Жамақаевтың өзі ойнаған пианиносы, шығармашылық жолында пайдаланған баяны, жеке кітаптары, әр жылдары түсірілген фотосуреттері, театр және концерттік қызметіне қатысты афишалары, өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлері сақтаулы екенін мәлімдеді.

Шара жалғасында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің музыка пәнінің оқытушысы Нұргүл Сағынбайқызы Сағынбаеваның жетекшілігімен Баймулаев Шоқан «Бекен туралы ой» әнін және сазгердің «Сен ғана» әндерін тарту етті.

Келесі кезекте мектеп оқушылары ақын Мұратбек Оспановтың «Бекенге арналған арнауын» оқып, Мерей Берікқазыұлы сазгердің «Махаббат вальсі» әнін орындады.

Іс-шара қорытындысында Бекен Жамақаевтың шығармашылық мұрасына арналған кітапхана қорындағы басылымдар, сондай-ақ композитордың туыстарының жеке мұрағатындағы материалдар қойылған «Махаббат вальсі» атты көрмеге шолу жасалды.

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Дата публикации
20 мая 2026
Дата обновления
20 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы