
2025 жылғы 22 шілдеде Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін «Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинардың мақсаты – сайлау науқандарына дайындық шеңберінде комиссия мүшелерінің құқықтық мәдениетін арттыру және кәсіби даярлығын күшейту.
Оқыту барысында сайлау процесінің негізгі кезеңдері қаралды. Атап айтқанда, келесі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді:
Тыныштық күні: үгіт-насихатқа тыйым салу кезеңіндегі заң талаптары және комиссия мүшелерінің іс-әрекет тәртібі;
Сайлау учаскесін ашу: сайлау күні учаске жұмысын бастау тәртібі, сайлау учаскесін дайындау, құжаттарды рәсімдеу;
Дауыс беру рәсімі: сайлау бюллетеньдерін беру тәртібі, дауыс беру құпиясын сақтау, байқаушылармен және БАҚ өкілдерімен өзара әрекеттесу;
Дауыс беру нәтижелерін санау: дауыс беру аяқталғаннан кейінгі әрекеттер реті, хаттамаларды рәсімдеу және жоғары тұрған комиссияға қорытындыларды тапсыру.
Семинарға учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағалардың орынбасарлары, хатшылар мен комиссия мүшелері қатысты, жалпы қатысушалар саны – 116 адам. Оқыту Семей қаласындағы №50 IT мектеп-лицейі базасында өтті.
Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар мен дипломдар табысталды. Бұл құжаттар олардың электоралдық даярлықтан өткенін және алдағы сайлау науқанында кәсіби қызмет атқаруға дайын екендігін растайды.
Мұндай іс-шараларды өткізу – аумақтық сайлау комиссиясының кадрлық құрамды даярлау, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Қатысушылар семинардың тәжірибелік маңыздылығын атап өтіп, алған білімдерін алдағы сайлау науқанында қолдануға дайын екендіктерін білдірді.