Дене ерекшеліктері бар көптеген адамдар үшін кедергісіз орта тәуелсіз және толыққанды өмір салтын жүргізу мүмкіндігі болып табылады. Қол жетімді ортаны қалыптастыру, атап айтқанда, қоғамдық орындарда физикалық шектеулері бар азаматтарды барлығымен бірге тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қолжетімді объектілердің интерактивті картасын" әзірледі, картамен https://inva.gov.kz Ресми сайтта танысуға болады. Бұл картаны жергілікті атқарушы органдар үнемі толықтырып отырады, объектілердің қолжетімділігін мүгедектігі бар азаматтардың өздері және осы саладағы қоғамдық бірлестіктер бағалайды
Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар 714 мыңға жуық адам тұрады. Оның 60% – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 26% - зейнеткерлік жастағы азаматтар, тағы 14% - балалар.
Абай облысында 23961 мүгедектігі бар адам бар. Оның ішінде: I топ – 2961 адам, II топ - 8873 адам, III топ - 9318 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар - 2809 адам.
Кедергісіз орта құрудың кешенді тәсілін іске асыра отырып, инфрақұрылым объектілерін әртүрлі санаттағы азаматтардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін арнайы құралдармен жабдықтауды есте ұстаған жөн:
- есту және көру қабілеті бұзылған адамдар;
- халықтың мобильділігі төмен топтары (уақытша еңбекке жарамсыз адамдар, жас балалар, жүкті әйелдер, қарттар, балалар арбалары бар адамдар).
Мүгедектігі бар адамдар үшін объектінің қолжетімділігіне қойылатын негізгі талаптар:
- Құрылыс нормалары мен ережелеріне немесе көтергіш құрылғысына сәйкес пандустың болуы міндетті;
- Пандус биіктігінің ұзындығына қатынасы 1:20 м, ерекше жағдайларда тар жерлерде 1:12, пандус ені 1,2 м кем болмауы тиіс;
- Пандусы бар кіру алаңының өлшемдері 2,2 м × 2,2 м кем болмауы тиіс;
- Барлық сатылар мен пандустардың екі жағында тұтқалардың болуы қажет;
- Пандустар тұтқаларын, әдеттегідей, 0,7 м - 0,9 м биіктікте, ал баспалдақтардікін - шамамен 0,9 м биіктікте, ал балалар келуі ықтимал жайларда - шамамен 0,5 м биіктікте орнату керек;
- Пандустар маршының бойлық шеті бойынша биіктігі кемінде 0,05 м, ал таяқтың, немесе аяқтың сырғанауының алдын алу үшін биіктігі 0,45 м астам деңгей айырмасы кезінде көлденең үстіңгі бет жиегінің бойына борттар қарастыру керек;
- Қабырғаларға жанаспайтын баспалдақтардың бүйірлік шетінде биіктігі кемінде 0,02 м борттар болуы тиіс.
- Ғимараттың сыртқы есік табалдырықтарының биіктігі 0,014 м аспауы тиіс;
- Мүгедектер үшін қолжетімді кіру есігінің ені 0,9 м кем болмауы тиіс, екі жақты есіктерде бір жұмыс жармасы бір орынды есіктерге талап етілетін ені болуы тиіс (0,9 м кем емес);
- Келушілердің есептік саны 50 және одан көп адам кезінде, немесе келушілердің ғимаратта болуының есептік ұзақтығы 60 мин және одан жоғары кезде кез-келген қоғамдық ғимараттарда әмбебап кабинасы бар санитарлық торап қарастырылуы керек.
- Жалпы пайдаланатын санитарлық тораптардың әмбебап кабинасының көлемінің ені - кемінде 1,65 м, тереңдігі - кемінде 2 м болуы тиіс. Унитазбен қатар кабинаға киім, балдақ және басқа да заттар үшін ілмек, санитарлық торапқа шақыру түймесі үшін тұтқалар қарастыру керек.
- Баспалдақ марштары, есік ойықтары алдындағы, сондай-ақ коммуникациялық жолдар бұрылысының алдындағы қашықтықтағы қозғалыс жолдарының еден учаскесінде ескертпе кедір-бұдыр және/немесе марштың, ойықтың барлық енінің қарама-қарсы түске боялған үстіңгі беті болуы тиіс.
- Көру бойынша шектеулері бар адамдардың қозғалыс жолдарында қозғалыс жолдарының рельефтік тактильді белгілерін көздеу керек, саңылаулардың мөлдір төсемдерінде биіктігі 0,1 м кем емес және ені 0,2 м кем емес ашық қарама-қарсы таңбалауды көздеу керек.
- Барлық қолжетімді тұрақ орындары мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кіреберістің жанында орналасуы және халықаралық қолжетімділік нышандарымен белгіленуі тиіс. Автотұрақтар 1,2 м-ден жаяу жүргіншілер өткелімен болуы керек, егер екі тұрақ іргелес болса, жаяу жүргіншілер өткелі 1,5 м-ге дейін ұлғайту шартымен ортақ болуы мүмкін.жаяу жүргіншілер жолдарын, тротуарлар мен пандустарды жабу қатты материалдардан, тегіс, өрескел, бос орындарсыз болуы керек. Бетон плиталарының жабыны плиталар арасындағы тігістердің қалыңдығы 0,015 м аспауы керек. Борпылдақ материалдардан, оның ішінде құм мен қиыршық тастан жасалған жабынға жол берілмейді. Барлық қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолдары белгіленуі керек (сызықтарды сары түспен немесе ерекше беткі құрылыммен бояу арқылы)
- Ескертпе: Қол жетімділік бойынша барлық талаптар толығырақ ҚР ҚК 3.06-101-2012 ережелерінің жинағында және ҚР құрылыс нормаларында ҚР ҚН 3.06–01–2011 көрсетілген.
ҚР Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
реттеу және бақылау Комитетінің
Абай облысы бойынша Департаментінің
халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы бақылау бөлімінің
басшысы З.О. Нұрмұхаметова