Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 118 бабына сәйкес 29 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есептілік негізінде Семей қаласы бойынша 2020 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» № 640 бұйрығының талаптарына сәйкес есептілік жасалды.
Жалпы ағымдығы жылдың 6 айдың ішінде қолма қол ақшаны бақылау шотына 58 047,6 млн. теңге түсті, соның ішінде:
- 56 977,0 млн. теңге қалалық бюджетке түскен түсімдер;
- 4,4 млн. теңге демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша;
- 88,8 млн. теңге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден;
- 977,4 млн. теңге қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша орналастыру қаражатынан.
Түскен қаражаттан 31 751,9 млн. теңге игерілді. Оның ішінде еңбек ақы және бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеуге 8 837,6 млн.тенге (27,8%), тауарлар мен қызметтер бойынша жеткізіп берушілер және мердігерлермен есеп айырысуға 14 765,7 млн.тенге (46,5%), ұзақ мерзімді активтерді алуға 148,9 млн.тенге (0,5%), басқа да бағыттарға 7 999,7 млн.тенге (25,2%) жолданды.
Бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың 1 жартыжылдығына шоғырландырылған қаржылық есептілік ШҚО қаржы басқармасына ұсынылды.

 

Экономика және қаржы бөлімі

Дата публикации
03 сентября 2020
Дата обновления
03 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы