Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет: жауапкершілік пен абыройдың биік межесі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік қызметшінің сапасы  бүкіл еліміздің сапасы деп айтуға болады. Мемлекеттік қызмет – бұл жоғары лауазымға ие болу емес. Мәселе - мансапта емес. Бастысы мемлекетімізге және халқымызға адал қызмет ету. Мемлекеттік қызметші болу – антқа адал болу деген сөз», - деген сөздері мемлекеттік қызметтің маңызын айқын көрсетеді. 

 Мемлекеттік қызметте жұмыс атқару кәсіби білімді, заңнаманы білуді, моральдық-адамгершілік қасиеттермен және қоғаммен жұмыс істей алу қабілетін қажет етеді. Бұл салада шешім қабылдау кезінде әділдік, жауапкершілік және парасаттылық маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметке үміткерлер арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек және зейнеткерлік жасына жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс. Жастарды мемлекеттік қызметке тарту еліміздің болашағы үшін аса маңызды.

 Мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында Президент артық бюрократиялық кедергілерді жою және қызметке кіру тәртібін жеңілдету жөнінде тапсырма берді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жаңа тәсілдерді әзірлеп, заңнамаға өзгерістер енгізді.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың айтуынша, мемлекеттік грантпен оқыған үздік түлектерге мемлекеттік қызметке «кедергісіз кіру» мүмкіндігі берілген. Олар аудандар мен ауылдық жерлердегі атқарушы органдарға конкурстық іріктеусіз қабылданады. Үміткердің GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен болмауы тиіс, бұл жоғары академиялық жетістіктері бар түлектерге басымдық берілді.

Мемлекеттік қызметке орналасудың бірқатар айқын артықшылықтары бар: мансаптық өсудің жүйелі сатылары, тұрақты жалақы, қосымша төлемдер мен сыйақылар, 30 күнтізбелік күндік ақылы еңбек демалысы, әлеуметтік кепілдіктер және біліктілікті арттыру мүмкіндіктері.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында грант негізінде магистратура немесе докторантурада оқуға мүмкіндік алады, бұл олардың кәсіби деңгейін одан әрі арттыруға жағдай жасайды.

Тұрғын үй мәселесін шешу бойынша да мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметкерлерге баспана және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілуі мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері мемлекеттік медициналық мекемелерден тегін қызмет ала алады, бұл олардың әлеуметтік жағдайының тұрақтылығына кепілдік береді.

Мемлекеттік қызметшілер мінсіз жұмыс атқарғаны және ерекше жетістіктері үшін көтермелеу шараларына ие болады. Бұл біржолғы ақшалай сыйақы, алғыс жариялау, грамоталармен марапаттау, құрметті атақ беру сияқты ынталандыру түрлерін қамтиды.

Сонымен қатар, қызметкерлер және олардың жұбайлары мүліктік жағдайы туралы декларация тапсыруға міндетті, бұл олардың ашықтығы мен заңға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметші болу – тек білімді болу ғана емес, сонымен қатар қайсар мінез, адалдық пен жоғары жауапкершілікті талап етеді. «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден», - деген Әлихан Бөкейханов өз сөзінде азаматтық парыздың терең мағынасы тек оқу емес, қайсарлық пен табандылық екенін меңзеген. Елге адал қызмет ету ерік-жігер мен азаматтық борышты терең сезінуге тікелей байланысты.

Бүгінде мемлекеттік қызмет қажетті білімі бар, кәсіби өсуге ұмтылатын және ел игілігіне қызмет етуге дайын әрбір азамат үшін ашық әрі қолжетімді. Бұл салаға адал, білікті, жаңашыл көзқарастағы мамандардың келуі еліміздің даму қарқынын арттыруға ықпал етеді. Кәсіби дамуға, әлеуметтік кепілдіктерге және мансаптық өсуге мүдделі азаматтар үшін мемлекеттік қызмет тұрақты әрі болашағы зор сала болып қала бермек.

 

 

Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы

Нұржан Есенжолов

Дата публикации
01 апреля 2025
Дата обновления
01 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы