
ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан республикасы халқына жолдаған жолдауында 6 қазанға белгіленген “Атом электр стансасын салу” мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум жариялауына байланысты 2024 жылдың 9-12 қыркүйек аралығында Семей қаласының аумақтық референдум комиссиясы әкімшілік аумақтағы азаматтардың уақытша болатын жеріндегі учаскедегі Референдум комиссияларының арасында «Учаскелік референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Оқыту семинары практикалық семинарына Семей қаласының барлық 128 учаскелік референдум комиссиясының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары қатысты.
Аталған оқыту семианары барысында қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен және референдумның басқа да қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау дағдылары және референдум науқанының барлық кезеңдерінде кездесетін учаскелік референдум комиссияларының жұмысына қатысты дауыс беру рәсімдерін жасау тәртібі, нормативтік құқықтық актілермен және әдістемелік материалдармен жұмыс істеу әдістерін меңгерді.
Семинар соңында қатысушыларға алған білімдерін практикада қолдануды растайтын біліктілігі туралы арнайы сертификаттар табысталды.
Семинардың басты мақсаты: Учаскелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздері мен республикалық референдумды әзірлеу және өткізу кезеңіндегі референдум процесінің ерекшеліктері туралы білім алу арқылы референдумды ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін арттыру болып табылады.
Жалпы семинарға учаскелік референдум комиссияларының 384 мүшесі қатысты.