Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

2020 жылы Семей қаласының әкімі Е. Б. Сәлімовтің қала тұрғындарымен есептік кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ескертпелері мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

2020 жылы Семей қаласының әкімі Е. Б. Сәлімовтің қала тұрғындарымен есептік кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ескертпелері мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Р/с№

Айтылған

ескертпелер/ұсыныстар

Орындау мерзімі

Орындауға жауапты адамдар

Орындалу барысы

1

«Поколение» ҚБ төрағасы                    А. Д. Перемыкин: Қоқысты тазарту және қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерді орнату бойынша қалада қандай іс-шаралар өткізілуде.

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

Бүгінгі таңда қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 8 жеке кәсіпкер айналысады, олардың 2019 жылға қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша қызметтерді көрсетуге келісімшарттары бар. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарушы кәсіпорындар жеке және заңды тұлғалармен жеке келісімшарттар жасасып, қоқысты шығаруға төлем және шығару кестесі бойынша тараптардың тиісті міндеттемелерін айқындайды. Қазіргі уақытта 1417 көппәтерлі тұрғын үйге,  8500 жекеменшік сектор үйіне, қаланың 4284 заңды тұлғасына қызмет көрсетіледі. Қоқыс жинауды бақылау  бойынша әлеуметтік желілерде топтар («Таза қала», «Қоқысқа орын ЖОҚ») құрылып, оған барлық мүдделі қызметтер (ТКШ, санитарлық полиция, СЭС, экология, БАҚ, қоғамдық ұйымдар) кіреді. 

2020 жылғы ақпанда Семей қаласы қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды енгізу жобасын іске асыру бойынша Жол картасына кірді.

Қала әкімінің өкімімен қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды енгізуге жауапты ұйымды айқындайтын комиссия құрылды.

2020 жылғы 10 наурызда Комиссия Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптауды енгізуге арналған техника мен жабдықтарды пайдалану бойынша жауапты ұйымды айқындады. Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды енгізуге қатысты іс-шараларды іске асыру жөніндегі бағдарлама дайындалуда.

Осы Жол картасының аясында қоқысты қаттауға арналған жаңа еуро-контейнерлер сатып алынып, автопарк қоқысты шығаруға арналған арнайы техникамен жаңартылады.

2

«Поколение» ҚБ төрағасы                    А. Д. Перемыкин: Павлодар тас жолының 3-ші шақырымындағы зираттарды бей-берекет қоқыстардан тазарту және қоршау жасауды сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

2020 жылы ТКШ бөлімі «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі МКК-мен жерлеу орындарын күтіп ұстау бойынша келісімшарт жасасты. Осы МКК жерлеуді тіркеу кітабын жүргізу, өз бетінше жерлеуге жол бермеу, су тасымалдау, қысқы кезеңде зираттар аумағының кіреберіс жолдары мен жолдарды тазарту, зираттың жұмыс тәртібі, келушілерге арналған ережелер, зираттың жоспар-схемасы көрсетіле отырып, маңдайша тақтайлар орнату жұмыстарын, тіркеу кітабына енгізілген қайтыс болу туралы куәліктің негізінде жерлеуді жүргізуді, сондай-ақ қолданыстағы зираттарға қатысты Қазақстан Республикасының барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын орындау міндеттемесін жүзеге асырады. 2020 жылға қалалық бюджеттен жерлеу орындарын күтіп ұстауға                      1,325 мың теңге бөлінді.

3

«Поколение» ҚБ төрағасы                    А. Д. Перемыкин: Ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге біржолғы материалдық көмек төлеуге қолғабыс етуді сұрайды.

 

тоқсан сайын

А. С. Садырбаев

М. М. Құржықаев

2020 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде «ШҚО Семей қ. жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ бюджеттік комиссияға 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне төлемдердің жалпы сомасы 66 000 теңгеден аспайтын, зейнеткерлік жасқа жеткен алушыларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге есептеулер мен ақшалай қаражат қажеттілігін жіберді.

Алайда өтінім бюджеттік комиссияда мақұлданбаған, қаражат бөлінбеген.

4

66 квартал ПИК төрағасы                          Ж. Т. Кәрімов: 66 квартал тұрғын үйлерінің аулаларын абаттандыруды сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның басқа облыстарының қаражаты есебінен ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Жұмыстарды Атырау облысының әкімдігі жүзеге асырады.

5

Қала тұрғыны Т. З. Кәрімжанова: Көктемгі кезеңде жекеменшік сектор көшелерінен қар шығару ұйымдастырыла ма.

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

2020 жылдың көктемгі кезеңінде су тасқыны кезінде су басуға бейім қала көшелерінен қарды шығару бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Қаланың                      40 көшесінде қар шығарылып, шығарылған қардың жалпы көлемі -                    237 000 м3.

6

Қала тұрғыны А. Б. Елубаев: Юность ықшамауданында қаңғыбас иттерді ұстауды сұрайды.

 

тоқсан сайын

Қ. С. Әділбаев

М. А. Задин

Иттерді аулау мәселесі бойынша ШЖҚ «Семей қаласының ветеринариялық  қызметі» КМК 13.03.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Юность ықшамауданында тұрғындардың өтінімі бойынша 23 бас қаңғыбас итті ұстады. Юность ауданында қадағалаусыз жүрген жануарларды аулау жұмысы жалғасуда және қаланың ветеринариялық қызметінің тұрақты бақылауында.

7

Қала тұрғыны К. К. Токашева: Инсульт, инфарктқа шалдыққан, жарақат алған және күрделі операциядан өткен азаматтарға тегін оңалту алуына қатысты түсіндірме беруді сұрайды.

 

тоқсан сайын

А. С. Садырбаев

М. М. Құржықаев

Грехово Зырян  (Алтай) ауданы кентінің оңалту орталығында инсульт, инфарктқа шалдыққан, жарақат алған 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге МӘС комиссиясы әзірлеген жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес тегін оңалту ұсынылады.

8

Қала тұрғыны Г. К. Мусабаева: Көпқабатты тұрғын үйлердің контейнерлік алаңдарынан қоқысты уақтылы шығару мәселесін бақылауға алуды сұрайды.  

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

Бүгінгі таңда қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 8 жеке кәсіпкер айналысады, олардың 2019 жылға қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша қызметтерді көрсетуге келісімшарттары бар. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарушы кәсіпорындар жеке және заңды тұлғалармен жеке келісімшарттар жасасып, қоқысты шығаруға төлем және шығару кестесі бойынша тараптардың тиісті міндеттемелерін айқындайды. Қазіргі уақытта 1417 көппәтерлі тұрғын үйге,  8500 жекеменшік сектор үйіне, қаланың 4284 заңды тұлғасына қызмет көрсетіледі. Қоқыс жинауды бақылау  бойынша әлеуметтік желілерде топтар («Таза қала», «Қоқысқа орын ЖОҚ») құрылып, оған барлық мүдделі қызметтер (ТКШ, санитарлық полиция, СЭС, экология, БАҚ, қоғамдық ұйымдар) кіреді. 

2020 жылғы ақпанда Семей қаласы қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды енгізу жобасын іске асыру бойынша Жол картасына кірді.

Қала әкімінің өкімімен қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды енгізуге жауапты ұйымды айқындайтын комиссия құрылды.

2020 жылғы 10 наурызда Комиссия Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптауды енгізуге арналған техника мен жабдықтарды пайдалану бойынша жауапты ұйымды айқындады. Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды енгізуге қатысты іс-шараларды іске асыру жөніндегі бағдарлама дайындалуда.

Осы Жол картасының аясында қоқысты қаттауға арналған жаңа еуро-контейнерлер сатып алынып, автопарк қоқысты шығаруға арналған арнайы техникамен жаңартылады.

9

Қала тұрғыны А. К. Сағатова: Көктем-жазғы кезеңде бей-берекет қоқыс үйінділерімен күрес жүргізу мәселесі қалай шешілетін болады. Ағымдағы жылы бей-берекет қоқыс үйінділерін шығаруға ақшалай қаражат қарастырылған ба.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

Жыл сайын жергілікті бюджеттен ұйымдастырылмаған қоқыстарды шығаруға қаражат бөлінеді. 2020 жылы бюджеттік қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта осы жұмыстарды жүргізетін жеткізушілер сол жағалауда – «АманСтройKZ» ЖШС, оң жағалауда - «Семей тазалық» ЖШС болып айқындалды.

10

Қала тұрғыны А. А. Садуева: Бұқаралық ақпарат құралдарында Семей қаласының халықаралық әуежайына ұлы жазушы Абай Құнанбаевтың есімі берілетіндігі жазылды. Жақында мен біздің әуежайда болдым, сонда Абай деген жазуды көрдім. Әуежайға ресми түрде Абай Құнанбаевтың есімі берілді ме деп сұрағым келеді.

тоқсан сайын

А. С. Садырбаев

Н. М. Аққожина

2019 жылғы 6 маусымда Семей қаласының әкімдігіне Семей әуежайына ұлы ақын Абай Құнанбаевтың есімін беру туралы қолдаухат келіп түсті. Бұл ұсыныс Семей қаласының әкімдігі жанындағы ономастикалық объектілердің тарихи дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша зерделеу және қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысында 2019 жылғы 20 маусымда қаралды. Осыдан кейін қайта атау мәселесі бойынша материалдар облыстық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілді, содан кейін республикалық ономастикалық комиссия қарауына енгізілді. 2019 жылғы                                 15 қарашада ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссия Семей қаласының әуежайына ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімін беруге қатысты қорытынды шығарды. Бүгінгі таңда Семей қаласының халықаралық әуежайы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың есімімен аталады.

11

Қала тұрғыны А. Т. Садвакасова:        

Қаланың қоғамдық көліктеріндегі электрондық билеттеу жүйесі туралы. Электрондық жол жүру ақысын төлеу жүйесін жаңартуды және сапасын жақсартуды сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

Қаланың қоғамдық көліктерінде электрондық билеттеу жүйесі 2020 жылғы 20 қаңтардан бастап енгізілді. Қалалық тасымалдаумен айналысатын барлық автобустар ұялы терминалдармен, стационарлық валидаторлармен және «Q-кодтармен» жабдықталған. Сондай-ақ СМС арқылы, Bluetootn жүйесі (блютуз) және Avtobus қосымшасы арқылы төлем жүргізуге болады.

12

Қала тұрғыны                                               А. Г. Имангаликова: Жоғарыда айтылғандай, биыл қыс өте қарлы болды. Көктемгі уақытта тұрғын үйлерді су баспайтындай су тасқынына қарсы қандай іс-шаралар жоспарланғанын айтыңызшы.

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

С. С. Жұманов

А. Ж. Мархаметов

Б. К. Байбуров

(келісім бойынша)

 

Семей қаласында 2019 жылғы                              20 қарашадан 2020 жылғы 18 ақпанға  дейін барлығы 237 000 м3 қар шығарылды. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Семей қаласының бюджетінен еріген қар суларын сорып алу және инертті материалдарды жеткізу бойынша іс-шараларды өткізуге бюджетпен 18 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді. 2020 жылғы 20 қаңтарда еріген қар суларын сорып алу және инертті материалдарды жеткізу қызметтерін көрсету бойынша мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша «Семей тазалық» ЖШС жеңімпаз атанды. Көлемі 21427 м3 еріген қар суларын сорып алу және 5000 м3 инертті материалдарды жеткізу. Су тасқыны кезеңінде 10 арнайы техника мен айдап шығаратын сорғылар қолданылды.

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шараларға 2020 жылға 46,7 млн. теңге бөлінді. «Семей қ. Зеленстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы арықтар жүйесін күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде.

13

Қала тұрғыны                                           Ш. Р. Кульчибекова: 2020 жылы көпбалалы отбасыларды, жетім балаларды, мүгедектерді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса ма.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

«Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша үй кезегінде тұр, бүгінгі таңда  - № 39. Ағымдағы жылы сатып алу құқығынсыз               4 жалдамалы көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған - 288 пәтер. Жалға берілетін тұрғын үйдің 20 % жетім балаларға - 58 пәтер, көпбалалы отбасыларға - 125 пәтер, әлеуметтік осал азаматтарға - 105 пәтер беріледі. Тұрғын үй берілген кезде баспанамен қамтамасыз етіледі.

 

14

Холодный ключ кентінің тұрғыны: Холодный Ключ кентінде қосымша автобус аялдамасын орнатуды сұрайды.            

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

 

Холодный ключ кенті тұрғындарының өтініші бойынша 2020 жылғы мамырда Құртоған өзені көпірінен кейін 5.12 «Автобус аялдамасы» жол белгісі орнатылды.

15

ПИК төрағасы К. Сұлтанбек: Қаланың жолдары мен тротуарларын қардан уақтылы тазаламау жөнінде коммуналдық қызметтердің жұмысына қатысты.

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

 

 

Қаланың жолдары мен тротуарларын қысқы күтіп ұстау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар үнемі бақылауда. Қар түріндегі жауын-шашыннан кейін «Семей» көгалдандыру және көркейту  бойынша МКК кәсіпорны жолдар мен тротуарларды қардан тазарту үшін барлық қажетті шараларды жүргізеді. Тазартатын техниканы уақтылы шығармағаны үшін келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес осы кәсіпорынға айыппұл санкциясы қолданылды.

 

16

Қала тұрғыны: Уральская көшесі, 3 мекенжайындағы жатақхана маңында бей-берекет қоқыс үйіндісін шығаруды сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

Жыл сайын жергілікті бюджеттен ұйымдастырылмаған қоқыстарды шығаруға қаражат бөлінеді. 2020 жылы бюджеттік қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта осы жұмыстарды жүргізетін жеткізушілер сол жағалауда – «АманСтройKZ» ЖШС, оң жағалауда - «Семей тазалық» ЖШС болып айқындалды. Уральская көшесі, 3 мекенжайындағы қоқыс үйіндісі шығарылды.

17

Қала тұрғыны: «Жас Алаш» тұрғын ауданын электрмен жабдықтауды сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

Жас Алаш электр желілері ТКШ бөлімінің балансында. 2020 жылдың наурыз айында осы алаптағы тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсетуге және көрсеткіштер алуға  бюджетпен қаражат бөлінді. «ШҚ АЭК» АҚ Семей АЭС-пен осы алаптың электр желілеріне қызмет көрсетуге келісімшарт жасалды. Есептегіш құралдарын аттестаттау жүргізілді. Тұрғындарға жеке есеп шоттарын алу үшін техникалық шарттар беріледі.

18

Қала тұрғыны: Шульбинский жол үсті көшесіндегі жолды жөндеуді сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

 

Шульбинский жол үсті көшесінің табиғи топырақ төсемі бар. Бұл көшеде бірнеше рет құмды-қиыршықтас қоспасын себумен жол төсемін грейдерлеу жұмыстары жүргізілді.

 

19

Қала тұрғыны: Шульбинский жол үсті көшесінде бірнеше жарықтандыру бағаналарын орнатуды сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

Қалада жүргізіліп жатқан ЕҚДБ бағдарламасы аясында көше жарығын реконструкциялау босаған тіректер мен ескілерін ауыстыру үшін шамдарды орнатуды көздейді.

20

Қала тұрғыны: Шульбинский жол үсті көшесінен қар шығаруды ұйымдастыруды сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

 

Осы көше тұрғындарының өтініші бойынша 2020 жылдың ақпан-наурызында  жолдың жүретін бөлігін қардан тазарту және қар шығару жұмыстары ұйымдастырылды.

21

Қала тұрғыны, ардагер                                              Р. Мухамеджанов: Чернобыль ардагерлеріне арналған облыстық аурухана жанынан стоматология жұмысын қайтадан қалпына келтіруді сұрайды.

 

тоқсан сайын

А. С. Садырбаев

Г. А. Шәріпова

(келісім бойынша)

 

«Шығыс Қазақстан облысының оңалту орталығы» ШЖҚ КМК әкімшілігі берген ақпаратқа сәйкес, «Семей қаласының оңалту орталығы» ШЖҚ КМК стоматологиялық қызметтер көрсетпейді; 01.03.2002 жылға дейін терапевтік бейін бойынша емдеу жүргізілді, пациенттер орталыққа ем алу үшін тексеріс нәтижелерімен қоса түсті.  01.04.2020 жылдан бастап орталық  «Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 98 бұйрығына сәйкес жұмысын жүзеге асырады. Стоматологиялық қызметтер осы бұйрыққа сәйкес аурулар тізбесіне кірмейді.

22

«Независимость» ҚБ төрағасы                  А. П. Коновалов: жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық ұйымдармен жұмысын күшейтуді сұрайды.

 

тоқсан сайын

А. С. Садырбаев

Н. Е. Есенжолов

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың ұлттық жоспарына сәйкес бөлімде тиісті жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауының арқасында, «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы                 23 қаңтардағы № 85  қаулысына сәйкес, мемлекеттік деңгейде алғаш рет ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдаудың республикалық және аймақтық бағдарламалары қабылданды. Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасымен бірге өзара іс-қимылдың бұл тетігі өз жемісін беруде: билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы диалог пен серіктестік қатынастар жүйесі құрылды, ҮЕҰ-ды әлеуметтік жобаларды жергілікті негізде іске асыруға қатысуға тартудың тиімді жүйесі құрылды, консультативтік-кеңесші органдар сәтті жұмыс істеуде.

Қаладағы үкіметтік емес секторды саяси партиялар, коммерциялық емес ұйымдар, жастар, кәсіподақ бірлестіктері, діни ұйымдар және этномәдени орталықтар құрайды. Қазіргі уақытта тіркелген ұйымдардың саны 160 бірліктен асады. Олардың барлығы белгілі бір салада жұмыс істейді: саяси партиялардың 4 филиалы: «Nur Otan», Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, «Ақжол», социал-демократиялық партия, 30-дан астам жастар бірлестігі, 34 діни бірлестік, 22 этномәдени бірлестік, 7 кәсіподақ ұйымы, қоғамдық кеңес, қоғамдық келісім кеңесі, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, жастар істері, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия сияқты құрылған консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне белсенді қатысатын заңды әлеуметтік-құқықтық ҮЕҰ, спорттық, білім беру, кәсіптік және т. б.

2007 жылдан бастап Семейде үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бағдарламасы қабылданды. ҮЕҰ үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жобаларды конкурстарға дайындау бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі. Саяси-тәрбиелік, азаматтық мәдениетті қалыптастыру, адам құқықтарын қорғаудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру үшін қаланың бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі ҮЕҰ жұмыс тәжірибесін жариялау мақсатында медиа-жоспар әзірленіп, жүзеге асырылуда. Қала әкімінің сайтында меморгандардың азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығы мен серіктестігі туралы материалдар үнемі орналастырылады. Сонымен бірге, облыстық деңгейдегі басқармалардың, сондай-ақ Қазақстанның басқа облыстарының тәжірибелерін ескере отырып, кез келген мемлекеттік мекеме әлеуметтік бағдарламалардың әкімшісі ретінде әрекет етуге құқылы, яғни мемлекеттік орган салалық мәселелер бойынша ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыра алатыны атап өтілуі тиіс. Осылайша, ТКШ және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, білім, дене шынықтыру және спорт және т. б. бөлімдер қоғамдық бірлестіктермен тікелей ынтымақтаса алады, делдалдарды айналып өтіп, «өткір» мәселелерді дер кезінде зерделейді.

Ішкі саясат бөлімінің үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылын мониторингілеу жұмысы жалғасуда және тұрақты бақылауда.

23

«31 арна» телеарнасының журналисі Динара Ерболқызы: Коммуналдық кәсіпорындар Бобровка кентінің шетінде қар жинауды ұйымдастырды. Осы кент тұрғындарының өтініші бойынша Бобровка кентінен тысқары жерге қар шығаруды ұйымдастыруды сұрайды.   

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

 

Бобровка кентінің шетінде қар жинау жүргізілмеді. Қысқы кезеңде қарды жинау үшін алдын ала қар шығару орындары белгіленеді. 2020 жылы қыс мезгілінде қар Мұрат кентіне баратын автожолдың бойында белгіленген жерге шығарылды.

24

Қала тұрғыны: Бұрынғы понтон көпірін қалпына келтіруді сұрайды.  

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

А. М. Исатаев

 

 

Понтон көпірін орнату жұмыстарын орындау мүмкін емес, өйткені бұл құрылым күрделі жөндеуді қажет етеді, сонымен қатар жаңа аспалы көпір пайдалануға беріліп, оны қалпына келтірудің қажеті жоқ.

 

25

Қала тұрғыны: Бұрынғы зооветинституты ғимаратын қалпына келтіріп, онда музей жасауды сұрайды.

 

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. М. Исатаев

 

 

Қазіргі уақытта ғимараттың қожайыны 2018 жылы аз. Р. А. Досқужановадан сатып алған «Семей Молл» ЖШС болып табылады. Бүгінгі күнге дейін «Семей Молл» ЖШС сәулет және қала құрылысы бөліміне объектіні жобалау үшін бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш берген жоқ. Бұл объект тарихи-сәулеттік құндылыққа ие және қорғалатын ескерткіштер тізіліміне енгізілген, сондықтан басқа құрылысты бұзып, салу мүмкін емес.

 

26

Ет комбинаты ардагерлері кеңесінің төрайымы, қала тұрғыны: Бұрынғы ет комбинаты жатақханасында газ баллондарын қолданудың заңдылығын тексеру үшін сервистік компанияны жіберуді сұрайды.

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

Бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бұл жерде 41-1 бапта елді мекендер шекаралары шегінде газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының тексерулер және профилактикалық бақылау жүргізуі арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген. Қазіргі уақытта бақылау парақтары бекітілді. Карантин аяқталғаннан кейін бұрынғы ет комбинаты жатақханасында тексеру ұйымдастырылады.

 

27

Қала тұрғыны А. Ю. Миронов: Қалада мұз модулін салуды сұрайды.

тоқсан сайын

А. С. Садырбаев

Е. Ж. Әубәкіров

Қарағайлы ықшамауданында 1000 көрерменге арналған Мұз спорт түрлері сарайын салу жоспарлануда. Мұз модулі құрылысының жалпы ауданы 18 690 ш. м. құрайды, онда ұзындығы 400 метр болатын коньки тебудің 4 жолақты жолы,  керлинг ойынына арналған 3 алаң орналастырылады, 2 хоккей корты жаттығу және шайбалы хоккей жарыстарын өткізетін орталықта орналасады және біздің өңір үшін керлинг, шорт-трек,  мәнерлеп сырғанау сияқты жаңа спорт түрлерін таратуға мүмкіндік береді. Мұз модулі жылы киім ауыстыратын бөлмелермен, душ кабиналарымен, сауналармен, тренажер және фитнес залдарымен жабдықталады.

Объектінің болжалды құны  шамамен                     8 млрд. теңгені құрайды.

28

Қала тұрғыны К. К. Жақсыбаева: Бұрынғы Ленин көшесі болған  Мәңгілік ел көшесін абаттандыру жұмыстары қашан аяқталады.

 

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

«ШҚО Семей қаласының Жамақаев көшесінен Шмидт (Арбат) көшесіне дейін Ленин көшесін абаттандыру» жобасын іске асыру аясында ​​2020 жылы «Мәңгілік ел» көшесін абаттандыру жұмыстары: кеспекшелерді; сәндік ағаштарды; демалыс аймақтарын; ағаш орындықтарды; қоқыс жәшіктерін орнату; жаңа жасыл көшеттер отырғызу; көгалдар мен гүлзарларды топтастыру, шағын сәулет нысандарын орнату көзделген. «Фирма «Азия» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісімшарт жасалды. Аяқталу мерзімі - 2020 жылғы желтоқсан.

29

Қала тұрғыны Г. Б. Акимжанова:  Жол айырығынан Восход кентіне дейін Усть-Каменогорская көшесін жарықтандыруды сұрайды.

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

«СКПК» ЖШС мердігерлік ұйымы а. ж. мамыр айынан бастап «Усть-Каменогорская көшесіндегі (3-ші саяжайдан Восход кентіне дейін, ұзындығы 6,3 км) көше жарығын  күрделі жөндеу» жобасын іске асыру жұмыстарын бастады. 2020 жылғы 31 тамызға дейін жұмыстар аяқталады.

30

Қала тұрғыны С. А. Кучумова: Бұрынғы понтон көпірі ауданында Ертіс өзеніне іргелес аумақтан қоқыс шығару жұмысын ұйымдастыруды сұрайды.      

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

Жыл сайын жергілікті бюджеттен ұйымдастырылмаған қоқыстарды шығаруға қаражат бөлінеді. 2020 жылы бюджеттік қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта осы жұмыстарды жүргізетін жеткізушілер сол жағалауда – «АманСтройKZ» ЖШС, оң жағалауда - «Семей тазалық» ЖШС болып айқындалды.

31

Педагогикалық колледж оқытушысы З. С. Алканова: Педагогикалық колледж алдындағы Құлжановтар көшесіндегі жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

Педагогикалық колледждің алдындағы Құлжановтар  көшесін орташа жөндеу «Гордорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымымен 2020 жылғы шілде айында аяқталды.

32

Қала тұрғыны Р. К. Кабдалова: Білім беру мекемесіне жұмысқа орналасуға қолғабыс етуді сұрайды.

 

 

тоқсан сайын

А. С. Садырбаев

Н. А. Фесенко

«Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайы» КМҚК-нің                 2017 жылғы 21 шілдедегі № 74 Ж/Қ бұйрығына сәйкес, 2017 жылдың                          22 шілдесінен бастап СҚӨ оқытушысы                Р. Қабдаловамен еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің                       49-бабының 2-тармағы және 96-бабының 1-тармағы негізінде (еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін) бұзылды. 24.05.2017 жылы Р. К. Қабдалова шарттың мерзімі аяқталғаны туралы хабарланды. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің bilim-semey.gov.kz сайтында орналастырылған. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                      43-бабының 1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылары кадрларды іріктеуде және орналастыруда дербес болады.

33

Қала тұрғыны С. Кәрімов: «Вита» емханасында бейінді мамандар штатын ұлғайтуды сұрайды.

 

тоқсан сайын

А. С. Садырбаев

Г. А. Шәріпова

(келісім бойынша)

 

«№ 6 аралас үлгідегі емхана» ММ әкімшілігі берген ақпаратқа сәйкес,                          С. Кәрімов емханада тіркелмеген және қызмет көрсетілмейді. Емхана медициналық персоналдың қажетті құрамымен қамтамасыз етілген. Бейінді мамандар бекітілген кестеге сәйкес, ересектерді қабылдайтын  невропатолог аптасына 3 рет, эндокринолог әр сәрсенбі сайын және балалар невропатологы, ЛОР дәрігері, эндокринолог, хирург, окулист  айына 2 рет қабылдайды. Көрсеткіштерге сәйкес науқастар келісімшарт бойынша шектеусіз орындаумен, қаладағы кез келген емханаға бейінді мамандардың кеңесіне жіберіледі.

2021 жылы диспансерлік есепке алу картасының тізбесін кеңейту үшін емхана аумағын ұлғайту жоспарлануда.

34

Қала тұрғыны: Водный кентінде ауыз су мәселесін шешуді сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

«ШҚО Семей қаласындағы Восход кентінде магистральдық сумен жабдықтау желілерін салу» үшін «InfoTechSystems» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды. Аяқталу мерзімі - 2020 жылғы 30 қараша. Водный және Восход кенттерінің тұрғын үйлерін сумен жабдықтау үшін 2020 жылғы 3 тамызда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды.

35

Қала тұрғыны: Водный кентінде көшені жарықтандыруды сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

Осы мәселені шешу үшін көше жарықтандыру құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет. 2020 жылға қаражат бөлінген жоқ. Мәселені шешу үшін бұндағы Республиканская және Семипалатинская көшелерін жарықтандыруды ағымдағы жөндеу бойынша сметалық есептеулер пысықталуда. Сметалық есептеулер  алынғаннан кейін жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін қаражат бөлуге бюджеттік өтінім беріледі.

36

Восточный кенті,  Жоңғар көшесінің тұрғыны                                    Ф. Ишмухамбетов:             Семей қаласын газдандыру туралы.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

Қаламызда жылумен жабдықтауды қатты отыннан газға көшіру мәселесі бойынша  біздің өңірдегі  газ кен орындарын игеру немесе газ құбырларын тарту мәселесін шешу қажет. Жақын арада аталған іс-шаралар жоспарланбаған.

37

Восточный кенті,  Жоңғар көшесінің тұрғыны                                    Ф. Ишмухамбетов:             Восточный кентіне қарай кірме жолды кеңейтуді сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

 

Қазіргі уақытта Восточный кентіне қарай Усть-Каменогорская көшесінің жүргін бөлігін кеңейту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды «Жаңа жол» ЖФ» ЖШС орындауда.  Жоба 2020 жылы аяқталады. 2021 жылы осы көшенің жүргін бөлігін кеңейту жұмыстарын орындауға бюджеттік өтінім берілетін болады.

38

Восточный кенті,  Жоңғар көшесінің тұрғыны                                    Ф. Ишмухамбетов:             Восточный кентіндегі жолдарды жоспарлау мен грейдерлеу жүргізуді сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

Осы көше бойында ағымдағы жылдың көктемінде «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі МКК көше төсемін жоспарлау және грейдерлеу жұмыстарын жүргізді.

39

Қала тұрғыны: № 29 бағыттағы автобус санын көбейтуді сұрайды. 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

 

Бұл бағытқа «Таксомоторлық парк» ЖШС кәсіпорны қызмет көрсетеді. Жаңа маршрут желісіне сәйкес бұл бағыттағы автобустар саны 12 бірлікті құрайды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шығу кезінде 9 автобус қозғалысы жүзеге асырылады.

40

Қала тұрғыны Г. С. Кискина: Орталық базар ауданында қаңғыбас иттерді аулауды ұйымдастыруды сұрайды.

тоқсан сайын

Қ. С. Әділбаев

М. А. Задин

Қаңғыбас иттерді аулау мәселесі бойынша ШЖҚ «Семей қаласының ветеринариялық қызметі» КМК 13.03.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орталық базар ауданында тұратын  тұрғындардан келіп түскен өтінімдерге сәйкес 17 бас қаңғыбас итті ұстады. Орталық базар ауданында  қадағалаусыз жүрген жануарларды аулау жұмысы жалғасуда және қаланың ветеринариялық қызметінің тұрақты бақылауында.

41

Қала тұрғыны Ж. Д. Нұрханова: Мирный кентінде Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыруды сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

«Семей қ. Зеленстрой» ЖШС-мен жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың аясында осы ауданда  жаңа гүлзарлар отырғызылады, суаратын су құбырлары орнатылады, қоқыс жәшіктері мен орындықтар жаңартылады.

42

№ 38 орта мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі                                  Ю. А. Маршанцева: № 38 мектептің жылумен жабдықтау жүйесін «Дорожник» қазандығына қосу мәселесін шешуді сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

Н. А. Фесенко

 

 

Астана қаласындағы «Қазақстандық құбырларды оқшаулау фирмасы» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына бюджетпен                     1 млн. теңге бөлінді.

43

Қала тұрғыны Б. Б. Жақашев: Ақсай кенті орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қашан қамтылады.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

Қазіргі уақытта ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде «Ақсай кентінің су құбыры желілерін салу» жобасы іске асырылуда. Жұмыстарды аяқтау мерзімі - 2020 жылғы желтоқсан.

44

Қала тұрғыны Қуат Уәлиев: Қалада реамобиль санын көбейтуді сұрайды.

тоқсан сайын

А. С. Садырбаев

Г. А. Шәріпова

(келісім бойынша)

 

 «Семей қ. жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК  КГП әкімшілігі берген ақпаратқа сәйкес, Семей қ. ЖМЖС балансында 29 санитарлық автокөлік бар. Газель маркалы 4 реанимобиль, Хундай а/м 1 реанимобилі, 24 УАЗ маркалы а/м бар. Халыққа медициналық көмек көрсету сапасын және шақыртуларға уақтылы қызмет көрсетуді жақсарту үшін                        2019 жылғы 9 желтоқсанда ШҚО ДСБ-ға 17 бірлік мөлшерінде (оның ішінде                            3 реанимобиль) лизинг бойынша                     2020 жылы санитарлық автомобильге қажеттілік бойынша өтінім берілді.

45

Қала тұрғыны Қуат Уәлиев:           Қаланың қоғамдық көліктеріндегі электрондық билеттеу жүйесі туралы. Электрондық жол жүру ақысын төлеу жүйесін жаңартуды және сапасын жақсартуды сұрайды.

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

Қаланың қоғамдық көліктерінде электрондық билеттеу жүйесі 2020 жылғы 20 қаңтардан бастап енгізілді. Қалалық тасымалдаумен айналысатын барлық автобустар ұялы терминалдармен, стационарлық валидаторлармен және «Q-кодтармен» жабдықталған. Сондай-ақ СМС арқылы, Bluetootn жүйесі (блютуз) және Avtobus қосымшасы арқылы төлем жүргізуге болады.

46

Қала тұрғыны Қуат Уәлиев: Тоқсан сайын мәслихат депутаттарының халықпен кездесуін ұйымдастыруды сұрайды.

 

тоқсан сайын

А. Б. Ерғазин

(келісім бойынша)

Семей қаласының әкімі Е. Б. Сәлімовтің есептік кездесулері барысында қала тұрғыны Қ. Уәлиевтің айтқан ұсынысына 2020 жылы мәслихат депутаттарының тұрғындармен тоқсан сайынғы кездесулерін ұйымдастыру жөнінде мынаны хабарлаймыз: қалалық мәслихаттың депутаттары өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жүзеге асырады.

Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес депутаттар өз округтерінің сайлаушыларымен үнемі байланыс жасап, жылына кемінде бір рет оларды мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы ақпараттандырады. Әр апта сайын бейсенбіде, бекітілген кестеге сәйкес,  қалалық мәслихатта азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, сондай-ақ  азаматтарды «Нұр Отан» партиясында және жұмыс орындарында жеке мәселелер бойынша қабылдайды.

47

Қала тұрғыны Мәдина Серікқызы: Оң жақ Восточный саяжай алабының электр желілерін энергия үнемдеуші компанияларға беру мәселесін шешуді сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

Электр желілері коммуналдық меншікке берілді, электр энергиясын жеткізуге әр абонентпен жеке келісімшарттар жасалды.

 

48

Қала тұрғыны Меруерт Әділханова: Бозтаев көшесіндегі шамдарды ауыстыруды сұрайды.

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

2020 жылғы қыркүйекте Бозтаев көшесінде көше жарығын жарық диодты шамдарға ауыстыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады. Жұмысты аяқтау - 2020 жылдың соңы.

49

Қала тұрғыны Кенжебек Сұлтанбеков: Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында тұратын азаматтардың 55 жастан бастап ер адамдарға, 50 жастан асқан әйелдерге зейнетке шығу мәселесін қарастыруды сұрайды.

 

тоқсан сайын

А. С. Садырбаев

М. М. Құржықаев

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»

2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

Қолданыстағы заңнамада бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында тұратын азаматтардың жеңілдікпен зейнеткерлікке шығу бөлігінде басқа да өзгерістер қарастырылмаған.

50

Блогер Жасұлан Құрманғалиев: Қала кәсіпкерлерінің, мәслихаттар депутаттарының, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының қар тазалауға белсене қатысуын сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар бірінші кезекте жүргін бөлігінің тарылуы бар көшелерден шығарылды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік бағыттары өтетін және қозғалыс қарқындылығы жоғары көшелер бірінші кезекте тұрады. Содан кейін қалған көшелерден қар шығарылады.

Ақпан-наурыз айларында қала көшелерінен қарды жаппай шығару жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ қарды қала кәсіпкерлері де өз кәсіпорындарының іргелес аумақтарынан шығарды.

51

Қала тұрғыны: В. Ф. Трофимова Трусов көшесін жарықтандыруды сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Х. Өтелбаев

 

Семей қаласының әкімдігі мен ЕҚДБ арасында Семейдегі көше жарықтандыру желісін электрмен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасын іске асыру бойынша келісімшарт жасалды. Осы жаңғырту аясында көше жарығы жарық диодты шамдарға ауыстырылады.

52

Қала тұрғыны: В. Ф. Трофимова: Гоголь көшесінен Чайковский көшесіне дейін тротуарлардың, жаяу жүргіншілер жолдарының болмауына қатысты түсіндірме беруді сұрайды.

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

Бұл көшеге комиссиямен шығу ұйымдастырылды. Тексеру барысында жаяу жүргіншілер жолы жоқ көше анықталмаған.

53

Қала тұрғыны: В. Ф. Трофимова: Б. Момышұлы көшесіндегі «Наурыз» супермаркетінде,  Шәкәрім даңғылындағы «Адал» супермаркетінде тұрақтандыру қорын ашуды сұрайды.

 

тоқсан сайын

Қ. С. Әділбаев

Д. Қ. Шәкәрімов

Н. Н. Шақабаев

2019 жылғы қарашада Наурыз және Адал супермаркеттері «Агрофирма «Приречное» ЖШС-мен (Бағдарлама операторы) тұрақтандыру қорының өнімдерін сату жөніндегі меморандум  жасасты.

Жеткізуге төлем жасау мәселесі бойынша супермаркеттердің басшылығы мен оператор арасындағы келіспеушіліктерге байланысты тұрақтандыру қорының өнімдерін аталған супермаркеттерде сату жүргізілмейді.

54

Қала тұрғыны: Уральская көшесі, 3 бойындағы жатақхананың өрт қауіпсіздігі жүйесін тексеруді сұрайды.

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

А. Ж. Мархаметов

Б. К. Байбуров

(келісім бойынша)

 

Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі - Семей қ. ТЖБ) Семей қ., Уральская көшесі, 3 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйді өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкестілігіне тексеруде адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды мен жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру қаупінің туындауы туралы нақты фактілер жоқ екендігін хабарлайды, осыған байланысты көрсетілген тексеріс жүргізу және тіркеу  мүмкін еместігін хабарлаймыз.                       2015 жылғы 29 қазандағы 375-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің      144-бабының 3-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:

      1)  құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өмірі, денсаулығы, қоршаған орта және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

       2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіздер болып табылады.

Сондай-ақ жоспардан тыс тексерулерді тағайындау және тіркеу үшін, қауіп туындаған немесе өтінімге зиян келген жағдайда, көрсетілген фактілерді растайтын фото/бейнематериалдарды қоса беру қажет. 2018 жылғы 29 қарашада Семей қ. ТЖБ қызметкері «Уральская, 3» ТҮИС төрайымы С. С. Дюсюпжановамен бірлесіп, Семей қ., Уральская көшесі, 3 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің өртке қарсы ахуалды жоспардан тыс тексеру жүргізгенін қосымша хабарлаймыз. Көрсетілген тексеріс нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзу фактісі анықталғаны үшін «Уральская, 3» ТҮИС төрайымы               атынан жеке тұлға С. С. Дюсюпжанова әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы акт және жою мерзімдері көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

2019 жылғы 24 қаңтарда бұрын берілген ұйғарымды қадағалау үшін жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеріс жүргізу барысында 21 ұйғарылған бұзушылықтың өрт қауіпсіздігі талаптарының 13 бұзушылық дерегі жойылмағаны анықталды. Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы                            ҚРҚ-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның орындалмағаны үшін «Уральская, 3» ТҮИС төрайымы               С. С. Дюсюпжанова 37 875 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

55

Қала тұрғыны А. Е. Ибраев: Әуежайға баратын жолды күрделі жөндеуді сұрайды.

 

тоқсан сайын

Н. Н. Ушаков

С. С. Жұманов

 

 

Пайдаланылуына және ҚНжЕ-ге сәйкес бұл автожолда 2020 жылғы шілдеде автожол төсемін орташа жөндеу жүргізілді. Жұмыстар аяқталды.                   Мердігер - «Гордорстрой» ЖШС.

 

Дата публикации
07 августа 2020
Дата обновления
07 августа 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
Ақпарат
14 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы