
Семей қаласының аумағы жер балансы негізінде 2020 жылдың 1 қарашасы жағдайына 2780,7 мың га, құрайды, оның ішінде:
- ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінің ауданы 1020,4 мың га, ол барлық жер қорының 36 % құрайды, оның ішінде 11,8 мың га жыртылған жерлер, 5,3 мың га тыңайған жерлер, 6,1 мың га шабындық жерлер және жайылымдық жерлер – 991,2 мың га.
- елді-мекен жерлері – 249,2 мың га;
- өнеркәсіп, көлік, байланыс және т. б. жерлері – 32,6 мың га;
- ерекше қорғалатын табиғи аумағы жерлері – 104,6 мың га;
- су қоры жерлері – 4,8 мың га;
- босалқы жерлер – 1 367,4 мың га, оның ішінде - 981,0 мың га полигон жерлері.
2021 жылдың 2 тоқсанда жер жөніндегі сұрақтар бойынша 670 хат, оның ішінде заңды тұлғалардан – 246, жеке тұлғалардан - 424 өтініш келіп түсті.
Жер қатынастары сұрақтары бойынша 1205 қала әкімдігінің қаулысы қабылданды.
Заңды және жеке тұлғаларымен 817 шарт жасалды, соның ішінде:
- жер учаскелерін жалға беру шарттары – 432;
- жеке меншікке сату-сатып алу шарттары – 292;
- жалға беру құқығын сату шарттары – 93.
2021 жылдың 2 тоқсанда жер қатынастары саласында 1865 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
|
Р/с №
|
Мемлекеттік қызметтер атауы |
2020 жылдың 2 тоқсанда көрсетілген қызметтер мөлшері |
|
1. |
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға шешім беру |
0 |
|
2. |
Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту |
1125 |
|
3. |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру |
93 |
|
4. |
Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру |
5 |
|
5. |
Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру |
52 |
|
6. |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу |
511 |
|
7. |
Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау |
59 |
|
8. |
Жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату |
13 |
|
9. |
Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату |
7 |
|
Барлығы: |
1865 |
|
Өткен кезеңде жергілікті бюджетке түскен түсімдер:
БСК 105315 - жалға алудан түсетін түсімдер - 87,6млн. теңге.
БСК 303101– жеке меншік құқығына сатудан түсетін түсімдер – 127,8 млн. теңге.
БСК 303202– жалға алу құқығын сатудан түсетін түсімдер 182,5 млн. теңге құрады.
Барлығы 3 БСК бойынша бюджетке түскен түсімдер 398,0 млн. тенге.
мың.тенге
|
Наименование |
01.07.2021 жылға орындалуы |
|||
|
1.07.2021 ж. жоспар |
1.07.2021 ж. түсімдер |
ауытқуы |
% |
|
|
105315 |
83 998,0 |
87 626,6 |
+ 3 628,6 |
104 |
|
303101 |
68 000,0 |
127 860,7 |
+ 59 860,7 |
188 |
|
303202 |
63 041,3 |
182 567,2 |
+119 525,9 |
289 |
|
Барлығы: |
215 039,3 |
398 054,5 |
+ 183 015,2 |
185 |
Өткен кезеңде иесіз мүлік есебіне жалпы алаңы 9,2886 га құрайтын 143 жер учаскесі алынды, оның ішінде:
- бағбандық үшін алаңы 9,2336 га болатын 66 жер учаскесі;
- басқа жерлер алаңы 0,055 га құрайтын 1 жер учаскесі алынды.
Бағбандық үшін берілген жер телімдерін түгендеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Сот шешімдері бойынша мемлекеттік меншікке жалпы алаңы 0,9438 га құрайтын 15 иесіз жер учаскелері қайтарылды, бұл жер учаскелері азаматтардың өтініштері бойынша одан әрі пайдалану үшін беріледі.
Бөлімде жеке тұрғын үй құрлысын салу үшін жер телімін алуға арнайы кезек қарастырылған. 01.07.2021 жылға – 23 827 азамат тіркелген. Жер берілетін алаңдарда инженерлік, коммуналдық дайындықтары болмағандықтан, кейінгі жылдары жер телімдері осы мақсатта берілмегендіктен кезек саны өсіп отыр.
Басты міндеттерінің бірі – бұл пайдаланылмайтын жерлерді игеру. ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалануын жақсарту үшін егіншілік шарушылығын мәдениетін арттыру маңызды. Осы суармалы жерлердің басым бөлігінде кешенді реконструкциялауын, суару жүйелерін жақсартуын, мелиорациялық жай-күйі мен олардың сумен қамтамасыз етілуін арттыруын жүзеге асыру қажет. Семей қаласы бойынша негізінен ақшыл-қоңыр, қара - қоңыр және сортаң топырақты басым болып келеді. Орташа балл бонитеті 12 бірлікті құрайды.
Пайдаланылмайтын жерлерді игеру ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін берік базаны құрып және кеңейту, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін мүмкіндік береді. Бұл өндіріс ауыл шаруашылығы дақылдарының келешекте көлемін арттыру және өнімділігіне мүмкіндік береді, импортқа тәуелділікті төмендету және көкөніс өнімдерін мықты жем базасын құруға, сондай-ақ егіншілік тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау бойынша және оларды мемлекет меншігіне қайта қайтару жұмыстары жүргізілді. Сот шешімі және ЖАО қаулысының күшін жою негізінде мемлекеттік меншікке қолданылмайтын 20 шаруа қожалық, фермерлік қожалық, заңды және жеке тұлғалардың жалпы аланы – 10,6 мың га жерлері қайтарылды. Кейіннен бұл жерлер ауыл шаруашылығы айналымына конкурстық негізде берілетін болады.
2021 жылдың 2 тоқсанында жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту үшін конкурстық негізде ауыл Шаруа (фермер) қожалықтарын жүргізу үшін 2 конкурс өткізілді:
- 1 конкурста ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы ауданы – 15,7 мың га құрайтын 15 жер учаскесі шығарылды. Дауыс беру нәтижесі бойынша агроқұрылымдарға жалпы алаңы 11,0 мың га 10 жер учаскесі берілді.
- 2 конкурста ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы ауданы – 17,3 мың га құрайтын 16 жер учаскесі шығарылды. Дауыс беру нәтижесі бойынша агроқұрылымдарға жалпы алаңы 13,5 мың га құрайтын 12 жер учаскесі берілді.