
2024 жылдың 17 мамыр күні Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Аягөз қаласында өткен "Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу ерекшеліктері" атты семинарында Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қуанышева Гүлжан Жақсыбайқызы «Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауға кандидаттарды ұсыну ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, кандидаттарды ұсыну құқығы және құжаттар тізбесі туралы мәліметтер берді.
Оқыту семинарына Ақсуат, Аягөз, Жарма, көкпекті, Мақаншы және Үржар ауданының Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары қатысты.