
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 118 бабына сәйкес 31 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша Семей қаласының 2019 жылдың 1 қазанына шоғырландырылған қаржылық есептілігі қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» № 640 бұйрығының талаптарына сәйкес есептілік жасалды.
Жалпы ағымдығы жылдың 6 айдың ішінде қолма қол ақшаны бақылау шотына 53 181,5 млн. теңге түсті, соның ішінде:
-52 650,2 млн. теңге қалалық бюджетке түскен түсімдер;
-2,7 млн. теңге демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша;
-146,9 млн. теңге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден;
-377,7 млн. теңге қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша орналастыру қаражатынан;
-4,0 млн. теңге жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару бойынша.
Түскен қаражаттан 36 979,2 млн. теңге игерілді. Оның ішінде еңбек ақы және бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеуге 6 969,6 млн. теңге (18,8%), тауарлар мен қызметтер бойынша жеткізіп берушілер және мердігерлермен есеп айырысуға 25 900,0 млн. теңге (70,0%), ұзақ мерзімді активтерді алуға 145,4 млн. теңге (0,5%), басқа да бағыттарға 3 964,2 млн. теңге (10,7%) жолданды.
2019 жылдың 1-ші жартыжылдығының шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілген кестеге сәйкес ШҚО қаржы басқармасына ұсынылды.