Акимат города Семей

Меню

Страницы

Статья

Жарма ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағанда рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес жұмыс күн ішінде 2023 жылдың  20 наурызынан бастап 2023 жылдың 12 сәуірге дейін Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98 «Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, 4 кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады телефон 8(72347) 65-875.

Конкурстық өтінімдермен конверттер 2023 жылдың 13 сәуірінде сағат 10:00-де, Абай облысы Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105, мекенжайында (аудандық әкімдіктің ғимаратында) ашылатын болады.

Конкурс:

Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;

Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.

Жер учаскесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар

1) жер учаскесі белгіленген мақсатқа сәйкес пайдаланылсын;

2) жерді қорғау, оларды орынды және тиімді пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасында қарастырылған іс–шаралар жүзеге асырылсын;

3) ауыспалы егіс жүйесін міндетті жүргізу және сақтау қамтамасыз етілсін;

4) жер учаскесін пайдалануға арналған төлем уақытында төленсін;

5) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес, өндіріс технологиялары қолданылсын;

6) 20.06.2003 жылғы № 442-II Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабында қарастырылған жер пайдаланушының басқа міндеттері орындалсын.

 Жер учаскелерінің тізбесі

Жер уч. лот№ Жер учаскесiнiң орналасқан жерi (ауылға дейiнгi орташа қашықтық) Жер учаскесі Аймақтың ауылшаруашылық мамандануы Көлемi, га, гаЖалға
беру
мерзiмi,
жыл

Жер сипаттамасы, оның ішінде
Топырақтың сапалық сипаттамасы, (Балл бонитет) Сумен қамтамасыз етілуі Басқа
Шаруақожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің жүргізу үшін егістік жайылым шабындық Басқа жерлер
1 Жарық ауылдық округі,«Военная точка» учаскесі,Малай а.15 км  + + Мал шаруашылығы 800,0 га10 жыл - 798,0 - 2,0 16 Жоқ  
2 Жарық ауылдық округі,«Мир» учаскесі, Малай а.30 км  + + Мал шаруашылығы 155,39 га10 жыл - 155,21 - 0,18 19 Жоқ  
3 Жарық ауылдық округі,«Балапан» учаскесі,Малай а.15 км  + + Мал шаруашылығы 568,2 га10 жыл - 540,26 26,0 1,94 12 Жоқ -
4 Қаратөбе ауылдық округі,  «Тасқынбай» учаскесі,Ади а. 16 км + + Мал шаруашылығы 1280,88 га10 жыл - 1148,74 - 132,14 16 Жоқ -
5 Қапанбүлақ ауылдық округі,  «Ақбүлақ» учаскесі,Қапанбүлақ а. 45 км + + Мал шаруашылығы 1483,26 га10 жыл - 1478,69 - 4,57 16 Жоқ  
6 Қапанбүлақ ауылдық округі,  «Қарабиік 2» учаскесі,Қапанбүлақ а. 28 км + + Мал шаруашылығы 1340,19 га10 жыл - 1337,44 - 2,75 11 Жоқ -
7 Қапанбүлақ ауылдық округі,  «Қарабиік 1» учаскесі,Қапанбүлақ а. 20 км + + Мал шаруашылығы 673,93 га10 жыл - 670,87 - 3,06 13 Жоқ -
8 Шар қала округі,  «Есен 1» учаскесі,Кезенсу а. 29 км + + Мал шаруашылығы 843,35 га10 жыл - 841,05 - 2,3 18 Жоқ -
9 Шар қала округі,  «Қасымбет 2» учаскесі,Кезенсу а. 39 км + + Мал шаруашылығы 504,42 га10 жыл - 495,92 - 8,5 21 Жоқ -
10 Шар қала округі, «Есен 2» учаскесі,Кезенсу а. 29 км + + Мал шаруашылығы 635,60 га10 жыл - 634,60 - 1,0 15 Жоқ -

 

ЕСКЕРТПЕ

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім Жер кодексінің 43-1 бабының, 9 тармағына сәйкес;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

 

 

 

Дата публикации
21 февраля 2023
Дата обновления
21 февраля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
16 октября 2026
Рухани келісім - бейбітшілікке бастар жол
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы