
Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ 16 бюджеттік бағдарламаның игерілуін қамтамасыз етеді. Бөлімнің ведомстволық бағынысында 4 мекеме бар.
2022 жылдың 1 сәуіріне 1019,9 млн. теңге игерілді, соның ішінде қалалық бюджеттен 418,6 млн. теңге, республикалық бюджеттен 435,1 млн. теңге, республикалық бюджеттен берілетін субвенциялар есебінен 166,2 млн. теңге.
Есепті мерзім ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 3664.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады, бұл бағдарлама аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту; кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
2022 жылдын басынан жұмысқа орналасу мәселесімен 1308 адам өтініш жасады. Олардың 301 тұрақты жұмыс орындарына, уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 98 адам, жастар тәжірибесіне оқу орындарының 22 түлегі, қоғамдық жұмыстарға 222 жұмыссыздар қатысты.
Еңбек нарығында 2022 жылдың 1 сәуірде тіркелген жұмыссыздар саны 1392 адамды құрады.
Әлеуметтік бағдарламалар
Басымдық мақсаттар мен міндеттердің бірі табысы кедейлік шегінен төмен адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қолдау арқылы кедейлікті азайту.
Есепті кезеңде 1821 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, олардың ішінде адам саны 8423 болды. Осы кезеңдегі төлемдер мөлшері 199,1 млн. теңгені құрады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмектің жаңа түрі - кепілдендірілген әлеуметтік пакет (КӘП) енгізілді. КӘП атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға тамақ жиынтығы және тұрмыстық химия түрінде беріледі. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МБЖ "МегаТрейдПлюс"ЖШС жеткізушісі арқылы 43,0 млн.теңге сомасына 2388 балаға жеткізілді. Жыл басынан бері 495 отбасыға 8,7 млн. теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша есепті кезеңге мерекелер мен есте қалар күндерге 148,0 млн. теңге төленді, 6380 алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге құжаттар қабылдау жалғасуда. Есепті кезеңде экологиялық сертификаттар беруге 197 құжаттар жиынтығы берілді.
2020 жылғы қантар айнынан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарымен және арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі. Есепті кезеңде мүгедектер қамтамасыз етілді:
- міндетті гигиеналық құралдармен (несеп қабылдағыштар - 3; нәжіс қабылдағыштар-13; жөргектер-362);
- техникалық көмекші құралдар тізбесін кеңейту-220;
- сурдотехникалық құралдармен – 23;
- тифлотехникалық құралдармен - 44;
- мүгедектердің протездік-ортопедиялық құралдарымен - 43;
- арнаулы жүріп-тұру құралдарымен - 54;
- ымдау тілі мамандарының есту қабілеті бойынша 150 мүгедек;
- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 432 мүгедектің жеке көмекшінің қызметімен.
1 сәуірге "Инватакси" қызметін тірек - қимыл аппараты бұзылған 1-2 топтағы 19 мүгедек және жүріп-тұруы қиын 1 топтағы 13 мүгедек пайдаланды, әлеуметтік маңызы бар объектілерге жеткізу бойынша медициналық көрсеткіштерге сәйкес 5235 өтініш орындалды. Шипажайларда 578 мүгедек және 222 зейнеркерлер өз денсаулықтарын түзетті. Үйде оқитын 39 мүгедек балаға 20,6 млн. теңге материалдық көмек төленді.
Бөлімнің тағы бір бағыты - азаматтық хал актілерін тіркеу. Жыл басынан бері 1442 жаңа туған нәресте тіркелді, қаладағы өлім-жітім 942 адамды құрады, 456 жұп үйленіп, қоғамның жаңа бірлігін құрды, 96 жұп отбасылық қатынастарын тоқтатып ажырасты.
Бөлім жұмысының басым бағыты пробация қызметінен бастап, түрмеден шыққан мүгедектерге, мүгедек балаларға, жалғыз тұратын қарт адамдарға және тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету 3 орталықта келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: үйде қызмет көрсету, күндізгі бөлімде жартылай тұрақты жағдайда, уақытша болу бөлімінде және түнгі бөлімде. Үй қызметтері 1388 адамға көрсетілді, оның ішінде жүйке-психикалық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар 223 мүгедек балалар, 18 жастан асқан 166 адам, 999 зейнеткерлер мен мүгедектер. Күндізгі бөлім 3 жастан 18 жасқа дейінгі 39 мүгедек балаларға. арнайы әлеуметтік қызметтер жиынтығын ұсынды. Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғалардыды қайта әлеуметтендіру орталығында екі бөлім бар: 120 орындық уақытша болу бөлімі, 30 орындық түнгі бөлім. Есепті кезеңде 364 адам жүгінді, оның ішінде уақытша тұру бөліміне 176 адам, 29 адам бейімделді, 35 адам жұмысқа орналастырылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар жүзеге асырылуда. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының мұқтаждықтары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеу жөніндегі өңірлік жоспарды орындау үшін жыл соңына дейін жоспарланған объектілер толық бейімделетін болады.