Абай облысы Семей қаласы әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 27 тамызда Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 12 қазанға Абай облысы, Семей қаласы әкімінің сайлауын тағайындады.

2025 жылдың 28 тамыздан бастап қалалық әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, жоғары тұрған әкімге тиесілі.

2025 жылдың 11 қыркүйектегі жағдай бойынша 8 кандидат ұсынылды. 8 кандидат өзін-өзі ұсынды.

Қала әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 11 қыркүйекте  сағат 18:00-де аяқталды.

 

Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы.

Дата публикации
12 сентября 2025