Әкімге кандидат ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері қатарынан жүргізеді. Саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.
Азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына әкімге кандидат болу ниеті туралы өтініш беру арқылы ұсынылады.
Сондай-ақ, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім ұсынысымен.
Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аудан әкімдері сайлауы өткізілетін күнге отыз күн қалғанда аяқталады.
Саяси партиядан ұсынылатын кандидаттармен тапсырылатын құжаттар:
- Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдеріне кандидат ұсыну туралы саяси партияның тиісті филиалының жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді;
- Азаматтың әкім кандидаттарына енгізу туралы өтініші;
- Өмірбаяны;
- Азаматтың (-шаның) саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 бірлескен бұйрығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдеріне кандидаттың қызметтік тізімі;
- еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
- білім туралы құжаттардың көшірмелері.
"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ"халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
- 3х4 - фото-2 дана;
- Неке қию (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі;
- Жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (осындай жақын туыстары болған жағдайда).
Өзін өзі ұсынылатын кандидаттармен тапсырылатын құжаттар:
- Азаматтың әкім кандидаттарына енгізу туралы өтініші
- Өмірбаяны;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 бірлескен бұйрығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдеріне кандидаттың қызметтік тізімі;
- еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
- білім туралы құжаттардың көшірмелері.
"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ"халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
- 3х4 - фото-2 дана;
- Неке қию (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі;
- Жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (осындай жақын туыстары болған жағдайда).
Жоғары тұрған әкім ұсынған кандидатты ұсынуға мынадай құжаттар:
- жоғары тұрған әкімнің ұсынуы;
- азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
- кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
- кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары;
- кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.