жоба
2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасыныі 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республиксында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес,мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстағылардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сәйкес мөлшерде белгіленсін:
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» әкімдіктің 2017 жылғы 18 қаңтардағы №87 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлкеттік тіркеу Тізілімінде № 4883 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық тексеру банкісінде электрондық түрде, «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде 2017 жылғы 7 сәуірдегі жарияланған) қүші жойылды деп танылсын.
4. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов