Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
2020 жылғы 24 қазандағы № 12
Семей қаласының мәслихаты депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22 - бабының сәйкес Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласының аумақтық шекарасында Семей қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.
2. Қаулы сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Семей қаласының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы З.Тоқаев
Семей қаласының аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Н.Дәулетқазина
Семей қаласының мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссиясы келесі мекенжай бойынша орналасқан:Семей қ., Абай к-сі, 86, №№ 13-14 бөлмелер.