2024 жылдың қаңтар – қараша айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 289 млрд. 556,5 млн. теңгені құрады. Өсу қарқыны 99,9 %. Нақты көлем индексі – 103 %.
Жоспар - тапсырма 369,9 млрд. теңге. Орындалу 78,3 % - ды құрады.
Өңдеу өнеркәсіп көлемі 260,8 млрд. теңгені құрады,өсу қарқыны 97,8 % немесе 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 5,9 млрд.теңгеге кеміді.
Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 4,5 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2023 жылғы үқсас кезеннің деңгейінен 0,7 млрд.теңге артты. Өсу қарқыны117,8 % (2023 жылғы қаңтар – қараша айлары 3,9 млрд.теңге).
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 38,7 млрд. теңгені, өсу қарқыны 127,5 %, нақты көлем индексі 102,9 % құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 155,8 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны 84 % (2023 жылғы қаңтар – қараша айлары – 185,5 млрд.теңге).
Жоспар - тапсырма 187,8 млрд. теңге. Орындалу 82,9 % - ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 78,6 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны 103,9 %,бұл 2023 жылғы қараша айының деңгейінен 2,9 млрд.теңге артты (2023 жылғы қаңтар - қараша айлары – 75,6 млн.теңге).
Жоспар - тапсырма 91,0 млрд. теңге. Орындалу 86,4 % - ды құрады.
229 506,0 шаршы метр тұрғын үй енгізілді, өсу қарқыны 101,2% немесе 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 2 817,0 шаршы метрге артты (2023 жылғы қаңтар – қараша айлары – 226 689,0 шаршы метр).
Жоспар - тапсырма 282 000,0 ш.метр. Орындалу 81,4 % -ды құрады.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 401,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 61,0 млрд.теңгеге артты, өсу қарқыны 117,9 %, нақты көлем индексі – 111,9 % (2023 жылғы қаңтар – қараша айлары – 340,2 млрд. теңге).
Жоспар - тапсырма 391,2 млрд. теңге. Орындалу 102,6 % -ды құрады.
Көтерме сауда айналымының көлемі 290,0 млрд. теңгені құрады. Өсу қарқыны 107,5 %, нақты көлем индексі – 110,9 % (2023 жылғы қаңтар – қараша айлары – 269,8 млрд. теңге).
Жоспар - тапсырма 296,8 млрд. теңге. Орындалу 97,7 % -ды құрады.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 31 502 бірлік, өсу қарқыны 102,5 % немесе 777 бірлікке артық (2023 жылғы қаңтар - қараша айлары 30,7 мың бірлік).
Жоспар - тапсырма 30 450,0 бірлік. Орындалу 103,5 % -ды құрады.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 63,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 1,2 есе немесе 10,3 млрд.теңгеге артты.
Жоспар - тапсырма 62,2 млрд. теңге. Орындалу 101,9 % -ды құрады.