Қаланың 2024 жылғы қаңтар – қазан айларының әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары

2024 жылдың қаңтар – қазан айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 262 млрд. 881,5 млн. теңгені құрады. Өсу қарқыны 100,8 % немесе 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 2,0 млрд.теңгеге артты. Нақты көлем индексі – 105,2 %.

Жоспар - тапсырма 333,4 млрд. теңге. Орындалу 78,9 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсіп көлемі 237,7 млрд. теңгені құрады,өсу қарқыны  98,8 % немесе 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 2,9 млрд.теңгеге кеміді.

Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 4,2 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2023 жылғы үқсас кезеннің деңгейінен 0,7 млрд.теңге артты. Өсу қарқыны118,9% (2023 жылғы қаңтар – қазан айлары 3,5 млрд.теңге).

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 37,6 млрд. теңгені, өсу қарқыны 125,6 %, нақты көлем индексі 102,6 % құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 135,1 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны 81,4 % (2023 жылғы қаңтар – қазан айлары – 166,0 млрд.теңге).

Жоспар - тапсырма 169,5 млрд. теңге. Орындалу 79,7 % - ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 74,7 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны 121,7 %,бұл 2023 жылғы қазан айының деңгейінен 13,3 млрд.теңге артты (2023 жылғы қаңтар - қазан айлары – 61,4 млн.теңге).

Жоспар - тапсырма 60,2 млрд. теңге. Орындалу 124,1 % - ды құрады.

202 671,0 шаршы метр тұрғын үй енгізілді, өсу қарқыны 111,2% немесе 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 20 375,0 шаршы метрге артты  (2023 жылғы қаңтар – қазан айлары –182 296,0 шаршы метр).

Жоспар - тапсырма 231 000,0 ш.метр. Орындалу 87,7% -ды құрады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі  351,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылдың  ұқсас  кезеңінен 46,3 млрд.теңгеге артты, өсу қарқыны  115,2 %, нақты көлем индексі – 109,5 % (2023 жылғы қаңтар – қазан айлары – 304,9 млрд. теңге).

Жоспар - тапсырма 350,6 млрд. теңге. Орындалу 100,2 % -ды құрады.

Көтерме сауда айналымының көлемі 249,5 млрд. теңгені құрады. Өсу қарқыны 110,3 %, нақты көлем индексі – 114,2 % (2023  жылғы қаңтар – қазан айлары – 226,2 млрд. теңге).

Жоспар - тапсырма 248,8 млрд. теңге. Орындалу 100,2% -ды құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 31 384 бірлік, өсу қарқыны 101,7 % немесе 511 бірлікке артық (2023 жылғы қаңтар - қазан  айлары 30,8 мың бірлік).

Жоспар - тапсырма 30 325,0 бірлік. Орындалу 103,6 % -ды құрады.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 57,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 1,2 есе немесе 9,4 млрд.теңгеге артты.

Жоспар - тапсырма 58,1 млрд. теңге. Орындалу 98,1 % -ды құрады.

Дата публикации
19 ноября 2024