Қаланың 2024 жылғы қаңтар – қыркүйек айларының әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары

2024 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 241 млрд. 401,1 млн. теңгені құрады. Өсу қарқыны 104,2 % немесе  2023 жылдың ұқсас кезеңінен 9,7 млрд.теңгеге артты.

Жоспар - тапсырма 305,9 млрд. теңге. Орындалу 78,9 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсіп көлемі 219,1 млрд. теңгені құрады,өсу қарқыны  102,6 % немесе 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 5,5 млрд.теңгеге артты.

Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 4,1 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2023 жылғы үқсас кезеннің деңгейінен 0,9 млрд.теңге артты. Өсу қарқыны131,6% (2023 жылғы қаңтар – қыркүйек айлары 3,1 млрд.теңге).

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 30,1 млрд. теңгені, өсу қарқыны 125,4 %, нақты көлем индексі 102,5 % құрады.

 Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 112,6 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны 79,3 %( 2023 жылғы қаңтар – қыркүйек айлары – 142,0 млрд.теңге).

Жоспар - тапсырма 131,2 млрд. теңге. Орындалу 85,9 % - ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 65,3 млрд. теңгені құрады,өсу қарқыны 128,8 %,бұл 2023 жылғы қыркүйек айының деңгейінен  14,6 млрд.теңге артты (2023 жылғы қаңтар - қыркүйек айлары – 50,7 млн.теңге).

Жоспар - тапсырма 53,0 млрд. теңге. Орындалу 123,2 % - ды құрады.

 183 870,0 шаршы метр тұрғын үй енгізілді, өсу қарқыны 116% немесе 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 25 417,0 шаршы метрге артты (2023 жылғы қаңтар – қыркүйек айлары –158 453,0 шаршы метр).

Жоспар - тапсырма 182 700,0 ш.метр. Орындалу 100,6% -ды құрады.

 Бөлшек тауар айналымының көлемі  306,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылдың  ұқсас  кезеңінен 35,2 млрд.теңгеге артты, өсу қарқыны 113 %, нақты көлем индексі – 107,4 %(2023 жылғы қаңтар – қыркүйек айлары –271, 4 млрд. теңге).

Жоспар - тапсырма 312,2 млрд. теңге. Орындалу 98,2 % -ды құрады.

Көтерме сауда айналымының көлемі 206,9 млрд. теңгені құрады. Өсу қарқыны 110,0 %, нақты көлем индексі – 114 % (2023  жылғы қаңтар – қыркүйек айлары –188,2 млрд. теңге).

Жоспар - тапсырма 207,1 млрд. теңге. Орындалу 100% -ды құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 964 бірлік, өсу қарқыны 100,5 % немесе 145 бірлікке артық (2023 жылғы қаңтар - қыркүйек  айлары 30,8 мың бірлік).

Жоспар - тапсырма 30 235,0 бірлік. Орындалу 100 % -ды құрады.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 51,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 1,2 есе немесе 9,2 млрд.теңгеге артты.

Жоспар - тапсырма 54,1 млрд. теңге. Орындалу 94,6 % -ды құрады.

 

 

Дата публикации
30 октября 2024