Хабарландыру

«Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Семей қаласының қалалық мәдениет Сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.

         Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

         Кәсіпорын қызметінің мақсаты:

  • мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
  • халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен салттарды сақтау, насихаттау, оларды қазіргі заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;
  • Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән мен би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;
  • ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
  • мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеу, жинақтау, көпшілікке тарату, оны енгізу және тарату;

 

Лауазымдық міндеттері:

  • қалалық мәдениет үйінің қызметіне басшылық етеді;
  • шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды

жүзеге асыруды, жемқорлыққа күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

  • байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.
  • ұлттық -мәдени орталықтармен жұмыс атқарады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар:

         кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

         мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Талапкерлер білуі тиіс:

         «Конституцияны»; «Бюджет кодексін»; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін»; «Еңбек кодексін»; «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін»; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.

 

Қажетті құжаттар тізімі: 

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндеме;

         3) жеке басын куәландыратын құжат;

         4) білім туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды);

         5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

         6) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және 3х4 фотосурет  (2 дана);

         7) 075/У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

         8) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;

         9) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама.

         Құжаттарды тапсыру мерзімі - «Семей таңы», «Вести Семей» газетінде хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Шайжүнісов көшесі 133/1,    (3 қабат) мекенжайы бойынша «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылуы тиіс.             Конкурсқа қатысушыларға әңгімелесу күні туралы қосымша хабарланады.

         Анықтама телефоны: 8 (708) 467 1684; 8 (707 ) 500 2709

Дата публикации
16 августа 2024