ҚАУЛЫ
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігі
2020 жылғы 1 қыркүйек № 1290
«Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін
мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» 2020 жылғы 21 мамырдағы № 702 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған материалдарды қарап, 2003 жылғы
20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1,
18-баптарын, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» әкімдіктің 2020 жылғы 21 мамырдағы
№ 702 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтағы:
«2020 жылғы 30 тамыз» деген сөздер және сандар «2020 жылғы
31 желтоқсан» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
2. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
Қ. С. Әділбаевқа жүктелсін.
Қала әкімі Е. Сәлімов