ЖОБА
Семей қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің
8-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының
15) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы Б. Ақжалов