Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "электрондық үкімет" веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 46 түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді Семей қаласы әкімінің аппараты, 10 дербес бөлім және 14 ауылдық округ пен кент көрсетеді.
Мониторинг нәтижелері бойынша:
2023 жылдың I тоқсанында жергілікті атқарушы органдар -23744 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
қағаз түрінде-709;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы-7071 ;
электронды түрде - 15964;
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту -1780.
2023 жылдың II тоқсанында жергілікті атқарушы органдар -20127 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
қағаз түрінде – 777;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы-5702 ;
электронды түрде - 13648;
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тарту-2032.
2023 жылдың III тоқсанында жергілікті атқарушы органдар -7807 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
қағаз түрінде -518;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы-1703 ;
электронды түрде-5586;
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар -1638.
2023 жылдың IV тоқсанында жергілікті атқарушы органдар -8431 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
қағаз түрінде -461;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы-1395;
электронды түрде -6575;
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту -1536.
Ескертпе: негізді бас тартулардың негізгі саны жер қатынастары және жұмыспен қамту бөлімінің мемлекеттік қызметтері бойынша ұсынылады.
Жер қатынастарының мемлекеттік қызмет көрсетудегі бас тартулардың себептері: кворумның жоқтығымен байланыс.
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру - тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болмауы, Семей қаласында тұру фактісі туралы тиісті құжаттар жоқ.
Бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан 6 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Бақылау іс-шараларын жүргізу, ең алдымен, заңдылық, ашықтық және объективтілік қағидаттарына негізделеді, демек, бұзушылықтарды анықтау мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың заңнамалық нормаларды, стандарттар мен мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін сақтауының оң динамикасына әкеледі.
Қала және ауылдық округтер бойынша барлығы 25 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда ХҚКО-ға бармай-ақ, қызметтерді алу кезінде көмек көрсету үшін әр аймаққа жауапты қызметкерлер бекітілген. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарымен 46112 қызмет көрсетілді.
Азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталын танымал ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар осы кезеңде 1275 түсіндіру іс-шарасын (іс-шаралардың негізгі бөлігі әлеуметтік желілерде жариялау жолымен өткізілді) өткізді, жалпы 194 274 адам қамтылды.