«Семей қаласының Ертіс ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын белгілеу туралы»

№ 6 қаулы
«Семей қаласының Ертіс ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын белгілеу туралы»
25 тамыз 2020 жыл                                                                 Семей қаласы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 36-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың Концепциясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығына сәйкес, Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1.Ертіс ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы 2020 жылғы 5 қазанға белгіленсін.
2.Ертіс ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3.Сайлау іс-шараларының келесідей мерзімдері белгіленсін:
- Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2020 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 2020 жылғы 9 қыркүйекте аяқталады;
- Әкімдікке кандидаттарды тіркеу ұсыну күнінен басталып 19 қыркүйекте аяқталады;
- Сайлау алдындағы үгiт 2020 жылғы 20 қыркүйекте басталып, 2020 жылғы 4 қазан күнi 00.00 сағатта аяқталады.


Шығыс Қазақстан облысы
Семей қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы                                                                                                                   З. Тоқаев


Шығыс Қазақстан облысы
Семей қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы                                                                                                                    Н. Дәулетқазина

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы Семей қаласы, Абай көшесі, 86

1. Абдрахманова Гүлмира Мұратқызы – «Жастар және балалар шығармашылығының орталығы «Исток» ҚБ – нен;
2. Асташкина Людмила Михайловна – «Қазақстан коммунистік халық партиясы» ҚБ-нен;
3. Сейтембетов Нұрбек Жөкенұлы - «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ – нен;
4. Дәулетқазина Назгүл Байзолдақызы – «Бірлік» партиясы» ҚБ – нен;
5. Джолдасбаев Біржан Болатұлы – «Ауыл» ХДПП» ҚБ – нен;
6. Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы – «Нұр Отан» партиясы» ҚБ – нен;
7. Жұмағұлова Алмагүл Хасенқызы – «Ардагерлер ұйымы» Семей қаласының филиалы РҚБ – нен.

Шешім
Дата публикации
26 августа 2020