«Семей қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 5 шешімге өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

 

«Семей қаласы аумағында сайлау учаскелерін
құру туралы» 2019 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 5 шешімге өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Семей қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» қала әкімінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 5 шешіміне(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6372 тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсанда № 100 «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Семей қаласының әкімі                                                                                   Е. Сәлімов

КЕЛІСІЛДІ:
Семей қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы                                                                                 З. Тоқаев

Шешім
Дата публикации
01 сентября 2020